Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  133


Автор: Аманхан Əлімұлы

Боз боранның боздауы басталмағай...

Боз боранның боздауы басталмағай,
Сары майдай ериді аспандағы Ай.
Ескен желдің екпіні жейді көзді,
Өтіндегі арылар жастан қалай.
Қырын қарап қытымыр тұрды ауылға,
Ұласардай ұрда-жық бір дауылға.
Бүйірі қызған құмандай қызыл күрең,
Көтерілді жер сызып қырғауыл да.
Сараң мезгіл жиынын түйді, есебі,
Шығасы аз мінезбен үйлес еді.
Қылтанақтай мия да қиық құлақ,
Кететіндей үзіліп күй кешеді.
Аштырмастан қарыстай қыс қабағын,
Есті ала еседі тыстағы ағын.
Қарымыңа қарамай қарпып алар,
Қыры қылдай қамысты ұстамағын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу