Өлеңдер ✍️

  14.05.2022
  110


Автор: Аманхан Əлімұлы

Ей, табиғат, күз атты шалаң қапқан...

Ей, табиғат, күз атты шалаң қапқан,
Көңілсіз күй еседі жалаң бақтан.
Қабағында өмірдің салқындық бар,
Көңілімді көк ілді алаңдатқан.
Меңдеп қапа кеудемді кеткен кезде,
Жап-жарық бір мық жұлдыз көктен кезбе, –
Салқын қалып танытып қарап тұрар,
Мұңның табы секілді шөккен көзге.
Келе-тұғын сеземін қайлы деске,
Қай-қайдағы түсіріп жайды еске, –
Ызыңымен ұйықтаушы ем масаның мен,
Қысыңқылау мысық көз Айлы кеште.
Қараша айы көк-жасыл көктем деп пе ең,
Шығып кеткен шығанға шектен көптен, –
Өткен-кеткен жанымды жайлап алды,
Айдың нұры сияқты төккен көктен.
Айналып өткендей ме балаң бауды,
Тірлігім дегендей бір қаламға ауды.
Ең соңғы рет тұрғандай көріп-біліп,
Ауылыма қараймын алаңдаулы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу