Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  115


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Көмбе

Қаланың қалың шуынан қашып
Келiп ем iздеп мен сенi.
Таппай қойдым ғой сынық алмасым,
Көңiлiмдегi көркем үн.
Оятып алып бозала таңнан
Шақырған едiң қол бұлғап.
Серкедей басым додаға салған
Ере берiппiн мен бейбақ.
Сұлу қыз дегем ең алғаш сенi,
Көзiмдi арбап тұрғасын.
Шын арман болсаң жоғалмас та едiң,
Таппадым қазiр, қайдасың?!
Өлең бе дедiм өкпелеп кеткен,
Өткендi еске ап өкiне.
Бұйығып жүрiп шеткерек көптен
Бүгiлмеспiн- деп бекiгем...
Қараптан қарап көзiме келсiн
Мұңдылау бiреу бүркенген.
Тыным бермеген өзiң екенсiң,
Көкiректегi бiр көмбем...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу