Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  350


Автор: Гүлбақыт Қасен

Қалармыз із болып

Қызымын ізгі елдің,
Сенде бар батылдық.
Бұл өнер біздерді
жіберді жақын ғып!
Қалайша жасырам,
ерке наз күлкімді.
Әйтеуір асығам,
тыңдауға бір күйді.
Өнеге іс керек,
өрнегін салатын.
Жансың ғой ізгі ерек,
көп үлгі алатын.
Сіз болып, біз болып,
кешті де батырдық.
Қалармыз із болып,
жалғассын ақындық




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу