Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  195


Автор: Сабыр Адай

Бейбіт күн, тыныш таң - бар бақытым

Қара суым қалсада, қара наным,
Жан созамын, гүлденіп жаңарамын.
Бейбіт күннің ақ құсы қолдан ұшса,
Қалай іздеп, мен оны табаламын.
Тыныш болсын, атар таң, күндеріміз,
Берекелі бірлік пен іргеліміз.
Тыныштықтың арқасы біле білсең –
Күліп-ойнап, аман-сау жүргеніміз!
Бейбіт күн мен өлшенер ырыс құны,
Ұққан жақсы ұл-қызым дұрыс мұны.
Қазағымның құдайдан бар тілері –
Ел-жұртының бірлігі, тыныштығы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу