Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  221


Автор: Сабыр Адай

Босаға - бақ, есік - құт

Шағыл кешіп келіп ек,
Сағым кетті салып із.
Егіз құдық, тел үдек,
Сонда біздің жанымыз.
Тоғыз сандық ішінде,
Тоқсан толғау сырым бар.
Түсін, мейлі, түсінбе,
Түпсіз терең жырым бар.
Құм астында құнымыз,
Жер үстінде жем болдық.
Білдік енді мұны біз,
Артық туып кем болдық.
* * *
Сахарада мұңдық бар,
Сары бидай алқабым.
Санамызда құлдық бар,
Жатып алып тартамын.
Жеті өзен жібектім,
Жерім шалғай намыс бір.
Түлек едім Түбекте,
Азынайды алыс қыр.
Оңтүстігім безенген,
Айтар өзі бағасын.
Жүрек айтқан сезем мен,
Біздің елдің шамасын.
Жез қоңырау көмейім,
Көнбесіме көндірдің.
Болашаққа сенейін,
Көп өртенген өндірмін.
* * *
Қандай жақсы талаптыға нұр жауған,
Менің елім бақыт іздеп барады,
Өмір атты гүлзардан.
Жолын ашып сақта Құдай қазақты,
Бойға намыс, жүрегіне жігер бер,
Арлы құлдар азат-ты.
Бір оянса менің елім қалғымас,
Темірқазық сені алдым бағытқа,
Азат ғұмыр мəңгі жас.
* * *
Кемерін қара кетілген,
Кім екен сəнін кетірген.
Əр дəуірді оқыдым,
Əжім басқан бетіңнен.
Селдіреп шашы сеңгірдің,
Айтады аза жел бір мұң.
Тойғанға мəз торғаймыз,
Не дейін саған тең-құрбым.
* * *
Еңку де еңку төбе қыр,
Жазмыштан бəрін көрер ұл.
Өтсе де жаздың дəурені,
Шіренген шілде неге жүр.
Шаш алсын десе бас алған,
Жаз өтті сосын жасанған.
Əуреміз біздер жырменен,
Ақымақ ақын қашаннан.
Көргеннің бəрі күледі,
Халыққа біткен тіл еді.
Жанары үнсіз шықтанған,
Жүрегі оның гүл еді.
Қазаққа пана
Болмақ боп,
Кеп-кеше ғана жүр еді.
* * *
Мертілді тұлпар шабыстан,
Жүрегін жеді ауыр мұң.
Езілді жаны намыстан,
Ермегі болды ауылдың.
Ел ұмытты күн өтті,
Жабымен бірге байланды.
Қорада қоймен түнетті,
Аптада менен ай қалды.
Ет боларлық жөні жоқ,
Таралған сымдай көк сіңір.
Айдаған үйір төлі жоқ,
Кермеде өтті көп ғұмыр.
Қаншыр да қатын қақаңдап,
Қайырсыз мал деп сынады,
Қасынан өтсе бақандап.
Көк сау шал үнсіз жылады.
* * *
Жүйрікті Тəңіріміз жылатпасын.
Тұлпардан тұяқ қалды керегі не,
Жабы менен тұғырға сынатқасын.
Мүсіні ақбөкеннің елібіндей,
Қарайды тұғыр бірақ өз көзімен,
«Тұлпарға тұрсың ба» – деп – Мені білмей»
Шамданар жабы да сол мазақ қылып,
Сыншы екеу, тұлпар жалғыз, жаза біреу,
Қол соқты «О, дұрыс!» – деп қазақ күліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу