Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  89


Автор: Сабыр Адай

Шаруа

Дуылдаған тоқ қарға,
Дуалы іске жоқ қарға.
Қызылдап жатыр астықты,
Дауласып міне топ қарға.
Торғайға жетер мысы бар,
Үрпиген үрей тысы бар.
Шаруаның маңдай терімен,
Қарғаның қандай ісі бар.
Қарқылдайды қағынып,
Астықтан моншақ тағынып.
Құзғынға шаруа жем болды,
Көз алдымда бағынып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу