Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  135


Автор: Сабыр Адай

Сәулелі шығыс

Ерлері ерен үндемес,
Сыртыңнан сымпып күндемес,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Ұланы сенім ақтаған,
Жастарын жастай баптаған,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Еңбектің отын маздатқан,
Аз сөйлеп жəне аз жатқан,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Ғылым мен білім жүрегі,
Ой сатып үнсіз жүреді,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Сыйласық нəрін шырын ғып,
Күлгені қандай уылжып,
Жапондар неткен Отаншыл.
Гүлдей боп əсем иілген,
Гүл көрсе болды сүйінген,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Отаны үшін жан берген,
Ойсыз жұртты таң көрген,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Дəстүр мен салтын сақтаған,
Болса да қанша ақ табан,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Халқына ханы ұл болған,
Ұлықтап ұлтын құл болған,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Қазына ұрлап жемеген,
Қамықсаң сүйеп демеген,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Намыс пен ардан нəр алған,
Ант пенен серттен жаралған,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Отаны үшін туылған,
Ойланбай қылыш суырған,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!
Əлемге тілеп тыныштық,
Ұрпақты өсір құрыш қып,
Сəулелі Шығыс, Отаншыл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу