Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  117


Автор: Ерлан Жүніс

Бір қара

Көзімнің ұшында бір қара –
Жанымның жан білмес жұмбағы.
Көзімнің ұшында бір қара,
Қолдарын қатыгез бұлғады.
Көзімнің ұшында бір қара,
Қай жаққа қарасам – көремін.
Көзімнің ұшында бір қара,
Қусам да жете алмай келемін.
Көзімнің ұшында бір қара,
Құбылып-құбылып барады.
Көзімнің ұшында бір қара,
Ол неге мазамды алады?!
Көзімнің ұшында бір қара,
Нүктеге айналды – жоғалды.
Көзімнің ұшында бір қара,
Нүктеден қайтадан оралды.
Көзімнің ұшында бір қара,
Бір кезде мен жаққа жүгірді.
Көзімнің ұшында бір қара,
Көзімнің ішіне тығылды.
Көзімнің ішінде бір қара,
Бабама ұқсайтын секілді.
Көзімнің ішінде бір қара –
Бір бала кекілді




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу