Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  251


Автор: Фариза Оңғарсынова

Суретші

Мен сурет саламын,
мен сурет саламын
салғаныма қуанып,
өзім де таң қаламын.
Жалаңаяқ қыз бала
жүгіреді жылғада.
Домбырашы жігіт тұр,
айналасы – гүл дала.
Алыс жолға қарады,
жігіт ұзап барады.
Биік шыңдар жырақта,
қар жамылған қабағы.
Киіз үй. Қыр. Ауыл да
көміліп тұр сағымға.
Көкорайда от жағып,
атам отыр жанында.
Соның бəрін саламын,
өзім де таң қаламын.
Бояу, қағаз, келіңдер,
маған көмек беріңдер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу