Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  194


Автор: Фариза Оңғарсынова

Өзім жайлы

Айбар деген баламын,
жұмсауға да жарадым.
Өзім биыл бестемін,
саусағыммен санадым.
Баласымын атамның,
баласымын апамның.
Көбінесе əжемнің
балапаны атандым.
Күрескенді жығамын,
(рас, бірде құладым...)
Футбол десе, шешініп,
шабуылға шығамын.
Суретті де саламын,
əріп те оқи аламын.
Ойыннан да қалмаймын,
мен осындай баламын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу