Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  110


Автор: Фариза Оңғарсынова

Аспан әні

Биікте жылылық та, нұр да басым,
табардай мəңгілікпен жыр жарасым.
Өртеген өн бойыңды отты дерттің
табарсың тек биіктен бір дауасын.
Бəріне көрінгеннің сен елтіме,
жіберме жігеріңді жел еркіне:
өртеніп кеткен көбі мықтылардың
шыдамай жан дертіне, жер өртіне.
Биікте – басқа мұрат, басқа жалын,
өресіз əуендердің таста бəрін.
Қатыгез тіршілікке сəуле сеуіп,
шырқа сен жүрегіңмен аспан əнін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу