04.05.2022
  204


Автор: Тұманбай Молдағалиев

ƏРҚАШАН ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЕСКЕН

Балалар əдебиетiнен, оның iшiнде балалар поэзиясынан бақытын тапқан ақындардың бiрi – Ескен Елубаев. Балалар жазушысында кiсiге деген ерекше бiр парасат, мейi рiм болады. Олар балаларды өте жақсы көредi. Баланың жанын басқалардан гөрi тереңiрек түсiнедi. Ескен Елубаев қырықтан астам кiтаптардың авторы. Сол кiтаптарының ең негiзгiлерi де оқырманының көзiн де, көңiлiн де тарта беретiн балаларға арналған кi таптары. Балалар поэзиясындағы жұмбақты да, жаңылтпаштарды да Ескен есебiн тауып өз жолына, өз жөнi не жетелейдi. Ескеннiң бiр топ балаларға арналған өлеңдерi Москваның балаларға арналған журналдарының бəрiнде жарияланды. Жеттiм деп таспайтын, жамандыққа қадам баспайтын қадiрлi iнiмнiң өлеңдерiн мен ерекше жақсы көрем. Онымен кездесу, сөйлесу өреңдi өсiредi, санаңа жақсылық нұрын ұялатады. Сол ұлы мейiрiм Ескеннiң елiне, жерiне, балаларына деген сезiмiн көбейте де түскен. Оның қай кiтабынан да балаға деген нұрлы махаббат, шұғылалы жүректiң сөзiн тыңдайсың. Болашаққа аттанып кеткен асыл жырларың аман болсын, Ескен. Өзiң жақсы көрген сəбилердiң ер жеткенiн, аға болғанын көрерге жазсын саған. Баланы сүйген жүрек ешқашан қартаймайды. Үлкен мейiрiңмен келер жылдарға аяңдай бер, бауырым. Алдыңнан дəйiм ақ күн шыға берсiн. Ол күндер саған көңiл гүлдерiн ұсына берсiн.


 


Тұманбай Молдағалиев,


Қазақстанның халық жазушысы,


Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу