02.05.2022
  491


Автор: Жұбан Молдағалиев

МЕЗГІЛ. ӨЗІМ ЖӘНЕ МЕНІҢ ЖЕРЛЕСТЕРІМ ТУРАЛЫ


«Әуелі бұл шіркінді бастау қиын,
Екінші – көптің сөзін тастау қиын...»
Тер қысып, өлең буған қайран жыршы
Көңілдің күңірентіп ашты-ау күйін.
Ен жырдың ең бірінші жолы қиын,
Бастапқы бороздадай жоны құйын.
Алғашқы сапардың да ауырлығын,
Әрине, татқан білер жорық уын.
Біздің көп ұлтты еліміздің, Отан-анамыздыңОктябрьден кейінгі өрлеуінің ұлылығын пашқылатын менің Советтік Қазақстаным мен оныңдаңқты Коммунистік партиясы өзінің айбынды 60жылдығын атап өтер қарсаңда туған республикамтуралы «Огонекке» мақала жазбақ болғанымда,өзімнің «Қыран дала» дастанымның осы жоғарыдакелтірілген жолдары ойыма оралды.
Сонда неден бастаған жөн? Республиканың алыпадымы, жүзден астам ұлттан тұратын халқы туралыцифрлардан бастасам ба екен? Мәселен ғой, өзініңалпысқа толған жылында республикамыз өнеркәсіпөнімін 1913 жылғы өндіргенінен 252 есе көп беріпотыр. Ғажап емес пе? Әйтпесе... Жоқ, тізе берсек, бірінен-бірі асып түсетін мұндай цифрдыңұшы-қиыры жоқ қой. Білетін оқырманға жаңағыцифрдың өзі-ақ жеткілікті. Одан да мен жай өзім
 туралы, өзімнің жақсы жерлестерім туралы айтайын, өйткені біздің өмірбаянымыз республикамыздыңжол-сапарымен біртұтас, айырғысыз. Мен тіптіреспубликаммен құрдаспын да, екеуіміз бір кезде–1920 жылы туғанбыз.
Егер менің дүниеге келуім Батыс Қазақстанныңалыс түкпіріндегі біздің ауылда пәлендей еленбейөте шықса, біздің республикамыздың құрылуы қазақхалқының тарихындағы ең нұрлы заманның басыболды.
Содан қырық жыл өткенде мен «Жесір тағдыры»дейтін поэма жаздым. Бұл шығармаларымныңкейіпкерлері өзім туған Жыландыда да, қазақтыңбасқа да кез келген ауылында туып-өсіп, дүниеденөтуі мүмкін. Жесір Айшаны мен көп ретте өзімніңтуған анам Зәріпке ұқсатыңқырап жаздым. Марқұмшешем ерінен қаршадай-қаршадай төрт баламенқалғанында, қасірет-кемтарлықтың не түрін басынан кешкен-ді. Сол қарапайым қазақ әйеліне теңдікәперіп, жаңа өмір құрушылардың қатарына тартқантек Ұлы Октябрь мен Совет өкіметі ғана. Жасы берегірек келе ВКП(б) қатарына кіріп, халыққа керекадам санатына қосылған-ды, мен өзім ше сонда?
Тұрғандай қолыма ұстап ерке таңды,
Толтырдым сонда тұңғыш анкетамды.
Жаздым мен «мың тоғыз жүз жиырма...» деп,Тебірендім, сия, сірә, әнтек тамды...
Қылтиып суреті де тұр басымның...
Сонымен – республика құрдасымын.
Өлер жылдан басқаның бәрі алдында,
Аз десең анкетаны, жырда сырым.
 Сірә, ақындық қабілеті менің қаныма анасүтімен сіңсе керек. Анам жас кезінде қазақтыңбатырлар жырының небір әдемілерін ұзақты түнжатқа айтатын, ақындар айтысынан қалмайтын.Менің өзімнің 1939 жылы Орал облыстық газетінде«Ленин тірі» деген тұңғыш өлеңім басылғаннан бергіуақыт ішінде қазақша, орысша, ССРО-ның басқада көптеген халықтарының тілінде алпыстан астамкітабым шықты. Бұларда қазақ ақынының халықтыңтарихи тағдырына байланысты ой-сезімдеріөрнектеліп қана қоймай, кең байтақ совет елінің баржерінде, тіпті ең қиыр өлкелерінде тұратын оныңзамандастары, достары мен жерлестерінің де өміртынысы қамтылады.
Менің әкем, басқа да өзінің көптегенауылдастарынша, Жыландының жалпақ көкжиегініңар жағында не бар екенін көріп-біле алмай-ақ қаратанымайтын сол сауатсыз қалпында дүниеден өтті.Ал бүгін оның немере-шөберелерінің алдында бүкіләлем жүзі ашық. Және бұлар жайылымға, малға,суға бола көрші румен өмір-бақи қырқысып өтетін,сол заманның қатал заңы өктемдік ететін жекебір рудың ғана балалары болудан аулақ. МұхтарӘуезовтың көп ұлтты совет әдебиетінің алтынқорына енген «Абай жолы» романында қазақтыңұлы ағартушы-ақыны Абай өзінің замандастарынабылай дейді: «...алдарыңдағы заман енді мықтапөзгереді. Жұрттың тұрмысы, заң-законы басқашаболады. Халық мол игілікке жетеді. Ол заман келмейқоймайды. Өз халқың сол бақытты заманға жетуінесебің тисе, онда сенің өлмегенің».
 Абай арман еткен, сол үшін күрескен заман меніңхалқыма Совет өкіметімен бірге келді. «Аврораның»жаңғырығы ұйқыдағы даланы оятты. Ленин есімікешегі кедей батырақты тең тұрғыластары ішіндеөзі тең еркін еңбек адамы етіп шығарды. Ленинпартиясының нұрлы жолымен ол биіктен биіккекөтерілді. Ол ру заңын емес, таптық қатынастардыүйреніп есті. Патшалық Россияның бір кездегі қырықру, қаран қалған халықтарының бірі бұл күндебіртұтас социалистік ұлт болып қалыптасты. Ол өзітуралы: «...барлық таптар мен әлеуметтік жіктердіңжақындасуы, барлық ұлттар мен халықтардың заңжүзінде де теңдігі, олардың туысқандық қарымқатынаста болуы негізінде адамдардың тарихижаңа бірлігі – совет халқы қалыптасты», дейді зормақтаныш сезіммен.
Советтік Социалистік Республикалар ОдағыныңКонституциясында (Негізгі Заңда) осылай делінген.
Біз – совет халқы! Неткен ұлуғы, әдемі сөз!Білекке білек қоса коммунистік қоғам құрып жатқанменің қымбатты жерлестерім – Қазақ ССР-індетұратын бір семья дос халықтар өздерін: Біз – Советхалқы! – деп атайды.
Осы орайда мен енді ұлты әр түрлі, мамандығыда әр түрлі кейбір адамдармен кездесулерімтуралы әңгімелеп бергім келеді. Олармен СоветтікҚазақстан мен республика Компартиясының 60жылдығы қарсаңында кездескенмін, ерекше мәнділігіде сондықтан. Мұндай кездесулер өте көп болыпеді, сондықтан өзімнің қойын дәптерлерімді қайтаақтарумен бірге, ойымда қалғандардың ішінен ең
 керегін, ең асыл дәндерін талғап алу үшін біраз ойкешіп, қиналуға тура келді.
Бірінші кездесу. Бұны шартты түрде «Апалысіңлілі үшеу» деп атауға болар еді. Чеховтағыапалы-сіңлілі үш қыз еш уақытта қол жетпесжарқын болашақты аңсап, соны армандаумен өтсе,мен бұл жерде Қазақстанның кез келген жеріненкездестіруге, болатын қарапайым мына үш әйелдіолармен салыстырудан аулақпын.
Үшеуінің қоян-қолтық достасып кеткенінеқырық жылға таяу: Социалистік Еңбек Ері МайшайӘбенова – қазақ; үздік еңбегі үшін үш орден алғанСания Нұрбаева – өзбек; екі мәрте Еңбек ҚызылТу орденді Лидия Ласковская – орыс. Апалы-сіңліліемес пе? Иә, солай. Бұларды бүйтіп өмір-бақитуыстастырған – Ұлы Отан соғысы.
Гитлершілдер Еділге анталап келе жатқан шақ,Сталинград түбіндегі өрттің жалқыны түнге қарайБатыс Қазақстандағы ауылдарға да көрінетін.
Шымкент облысының Түркістан ауданындағы«Коммунизм» колхозында қол-аяғы сау бір де біреркек қалмағанда, жап-жас үш қыз жүруінен тұруыкөп үш сырқылдақ тарактордың руліне отырады...машиналары бороздада тас төбесінен ұрғандай тұрыпқалғанда шаштарын жұла ыза боп жылайтұғын.Сосын жаңа айырылған жас топыраққа май-майкеудешелерін тастай салып, таң алдында ғана бірерсағат мызғып алатын.
Үш қыз, үш құрбы егістікте бір-біріне көмектесіпқана қоймай, қолдарындағы жүгері я тастай жымықнандарының бір үзіміне дейін бөлісіп жеп жүрді.
 Солқылдақ талдай сол үш қыздың сонша қиындыққақалай шыдағанын көз алдыңа келтірудің өзі қиын.
Бірге болған соң ұзақ жылдар ішінде үшеуініңтек бір рет қана жұбы жазылғаны бар. КПССмүшесі озат механизатор Майшай Әбенованыаудандық партия комитеті Қазақстанның Солтүстікоблыстарының біріне тың жерді игерісуге жіберді.Туған колхозына ол өмірінде ең бірінші алған үкіметнаградасымен, – және награда болғанда қайсысыдеңіз, – Ленин орденімен оралды.
Біздің республикамыздың ең оңтүстікшеткейіндегі Шымкент облысының жерінің нобайышөл, шөлейт боп келеді. Өткен ғасырдың орташенінде орыстың зерттеуші инженері А.Ульянов бұлсұрқай өлке туралы былай деп жазғаны бар: «Егержолда керуен көрсеңіз, ол сізден қашып құтылғаншаасығады, өйткені сіз су сұрай ма деп қорқады. Сумұнда қасқалдақтың қанынан да зәру...»
Біз облыс орталығынан екі жағы ұзыннан ұзақшаншылған көктерек, оқтай түзу, май жаққандайжылтыры шыққан тас жолмен «Коммунизм»колхозына қарай келеміз. Көктеректерден әрі екіқапталымызда – көкжиекке дейін көсілген көкмайса дала төсінде әр жерде шоқ-шоқ меңдуанаоттай жанады. Каналдардың мөлдір суында күнніңалтын нұры мен ақ-шабыр бұлттар қалқып жүр.
Сонау 1918 жылы В.И.Ленин Түркістанда 500мың десятин жерді суара алатын суландыру жүйелеріжұмысын жүргізу туралы декретке қол қойғанболатын. Оған сол уақыт есебімен едәуір мол қаржыбөлінген-ді. 1924 жылы шөлейт Қызылқұмменіргелес Бетпақдалада еліміздегі тұңғыш социалистік
 шаруашылықтардың бірі «Пахтарал» совхозы бойкөтерді.
Совхоз ол кезде шынында да аптап ыстықтанкүйіп кеткен дала төсіндегі жалғыз арал секілді еді.Ал бұл күндері республикадағы суармалы жерлердіңтоқсан проценті осы Оңтүстік Қазақстанда. Бөгенсу қоймасы бар, ұзындығы 200 километр АрысТүркістан каналы салынды. Жойқын Сырдарияныңсуы бара-бара Қызылқұмға жетіп қалды. Облыстыңкөп салалы, ең озат шаруашылықтарының бірі –«Коммунизм» колхозының мақтасын суаратын даосы су. Совхоздың байлығы тек мақта ғана емес.Мұнда жүгері, көкөніс, бау-бақша түрлері де молөнім береді. «Коммунизмнің» өсіретін жүзіміҚырым жүзімінің кейбір атақты сорттарымен таласаалады.
Әрине, барша байлықтың ең бастысы – оныңеңбеккер адамдары, солардың көңіл күйі. Жасылжелегінің бастары зәулімде бір-бірімен құшақтасқанкөшелерінен күзгі боз қырауға дейін гүл иісіарылмайтын бұл шағын қалашықтың әрбір үйіқұт-берекеге толы. Әрине, колхозшылардың жекеменшігінде қанша жеңіл машина, мотоцикл, қаншателевизор барын бас-бас сайын санап шығуға даболар еді. Ең ғажабы: мұнда қай үйге барсаң даүпір-шүпір бала көп. Майшай Әбенованың бір өзініңалты немересі бар, баласы – бригадир, іскер басшыболып көзге түсті, Ленин орденімен наградталды.
Сания Нұрбаева мен Лидия Ласковскаяның дасемьялары үбірлі-шүбірлі, тату-тәтті тұрады. Апалысіңлілідей үш әйел үйде қыруар шаруалары бола тұра,әлі күнге дейін колхозда жұмыс жасайды. Солармен
 әңгімелескенімде, біздің заманымыздың тамашақаһарманы тағы бір әйел өзінің «Тың» атты кітабындаЛеонид Ильич Брежнев аса бір жылылықпен жақсыатап кеткен Кәмшат Дөненбаева ойыма келді. «К700» сияқты заңғарды ауыздықтауға әйелдің әлікелетінін ол тың өңірінде бірінші болып дәлелдеді.Сонда өзі төрт баланың анасы, интитутта сырттаноқып жүр. Камшаттың жолын қуып, Қостанайоблысының тек Боровской ауданының бір өзінде 750әйел механизатор мамандығын үйреніп алды. Атақтытракторшы Кәмшат Дөненбаеваның өзіне келсек,осы уақыт ішінде ол ССРО Жоғарғы Советіне екімәрте депутат болып сайланды, Социалистік ЕңбекЕрі, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреатыатағына ие болды. Камшаттың өмірі көп реттеменің республикамның оңтүстігіндегі «Коммунизм»колхозында тұратын, бірлесіп істейтін еңбегіменде, рухани жақындығымен де апалы-сіңлілі үшқұрбының өміріне ұқсайды, сол типтес.
Екінші кездесу. 1959 жылдың күзінде Түркістанауданына Мұхтар Әуезов барды. Өзінің көп жылдықеңбегі – «Абай жолы» роман-эпопеясын аяқтағанол енді алдағы уақытта жазбақшы «Өскен өркен»атты кітабына материал жинап жүрген. Қазіргізамандастарымыз туралы бұл кітабында жазушыҚазақстанның социализм тұсындағы өмірінен кесекполотно жасап шығуды жоспарлаған-ды. Бір жолыол сәл ойлылау жүзбен жымиып:
– Сырлас емес адам мені бүкіл дала өміріншеңгелінде ұстаған феодализм тұсында өмірсүргенімді қайдан білсін, – дегені бар.
 Оңтүстікті аралағанында ол өзінің болашақкітаптарының қаһармандарымен – ақсақалшопандармен, Шымкент қорғасын заводыныңжұмысшы, инженерлерімен, кеншілермен,мақташылармен кездесіп, солармен ұзақ сұхбаттасыпжүрді. Осы сапарында Түркістанның сонауғасырлардағы көне тарихы да жазушы назарынан тысқалмады. Осы жерде көне Отырардың жәдігерлеріжатыр, бұнда 1405 жылы Ақсақ-Темір өлгенібелгілі. Сол жерде Қожа Ахмет Яссауидің күмбезітұр, орта ғасырлық сәулет өнерінің бұл тамашағимаратын кезінде аты-жөні беймәлім халықшеберлері тұрғызған ғой.
Түркістанның көне ескерткіштері қазірдеқалпына келтіріліп, қайта туғандай құлпыра түсті.Сол көне шаһардың қасында республиканың жасқалаларының бірі Кентау бой түзеді. Әуезов бұлқаланың балғын жасты жаңалығына, көшелері,алаңдары түзілісінің тапқырлығына, гүл желегініңкөптігіне сүйсінді. Кейін «Известия» газетіндежарияланған очеркінде ол былай деп жазды:«...Кентаудың болашағы, онымен іргелес көршіСозақ, Шаян, Түркістан аудандарының болашағы секілді – жарқырап жанғалы тұр. Егер Кентауды Қаратаудың сәукелесі деп атасақ, көрші аудандарыныңкөңіліне келмес дейміз. Егер мен Оңтүстік Қазақстантуралы жазғалы жүрген романымды іс қылыпшығарғандай болсам, оның жүрегіме ең ыстық жаскейіпкерлері осы Кентауда кездесіп, осында сүйіссеекен дер едім».
Ешқайсымыз күтпеген, тосыннан тосын ажалМұхтар ағаның бұл ойын болдырмады. Енді, міне,
 менің алдымда бір кітап жатыр, бұны біздер, біртоп жазушы боп, биыл жазда Оңтүстік Қазақстандыаралағанымызда қуана-қуана қолымызғаалдық. Кітаптың аты –«Ащысайдың жұмысшыжүрегі», авторлары маман әдебиетшілер емес,біреуі – полиметалл комбинатының директорыС.М.Мәуленқұлов та, екіншісі комбинаттыңпартком секретары, мамандығы инженер-технологГ.С.Попов.
Бұл кітап мен үшін жаңалық болғанын жасыраалмаймын. Жазушылық ізденістер, сан кездесулерішінде, әсіресе, есте қалатын бұндай ұшырастаржаңа дастанға өздері сұранып тұратындай. Былайдеп жазады олар: «Біздің комбинаттың музейіндегіэкспонаттардың ішінде: сүймен, қайла, күрек,тұңғыш лебедкалар мен машина-сымақ бірдеңелердікөруге болады. Бір кезде осыларды да қолдандыққой. Ал ең соңғы әкеп қойған экспонатымыз –аулақта отырып басқаратын бульдозердің моделі.Шахтерлер оны «луноход» атап кетті. Ғажабынкөрсеңіз ғой оның! Ешкім жоқ забойда асықпайақырын гүрілдеп, жатаған бір машина келе жатады.Оны машинист аулақ бір қауіпсіз жерде отырыпбасқарады. Бульдозердің өлі де жетілдіре түсетінжерлері бола тұрса да, бұл деген көз алдымыздатағы бір қуатты жаңалық туып келе жатқаныныңбелгісі емес пе!
Қайла мен күрек – енді мына жер асты«луноходы». Кешегі өткен күн мен бүгінгі күн. Оныңүстіне осы уақыт ішінде қандай-қандай әлеуметтікөзгерістер болып өтті десеңізші!»
 Мына бір кішкене болса да, өзінше мәнді бір жайдыалайықшы: жаздыгүні көлеңкеде температура 30-35градустан асатын, қыста ызғырық жел басылмайтынКентауда жыл он екі ай гүл арылмайды. Магазиндесатылатыны өз алдына, Еңбек ардагерлеріне,өндіріс озаттарына, сүйікті мұғалімдерге, мектептабалдырығын тұңғыш аттаған жас ұландарға дасалтанатты жиындарда шоқ-шоқ гүл тапсырыпжатады. 8-ші мартта комбинаттағы әйелдердіңбәріне дәстүрлі көктем гүлдері тапсырылады.
Мырғалымсай руднигінің бригадирі, СоциалистікЕңбек Ері Нұрмахан Камалов былай дейді: «Айтсаайтпаса да, менің бұл қаламда орталық кең алаң,кеншілер паркінің саялы орамдары, гүл бақшаларыорнында түйе керуендерінің тастай таптаурындысоқпақ жолы жататын дегенге бұл күнде сену қиын».
Және қызығы: жаңағы соқпақтың бірқапталында Мәуленқұл деген көшпелі қазақтыңжарбиған жалғыз киіз үйі тұратын. Қазіргі Ащысайполиметалл комбинатының директоры, кенмастерінен Қазақстанның ең ірі кәсіпорындарыныңбірінің жетекшісіне дейін өскен С.Мәуленқұлов –сол қазақтың баласы.
Міне, енді менің әңгімемдегі соңғы, Үшіншікездесу. Бұл хикаяны мен өз әкемнен – ол да өзгеқазақтың көпшілігі секілді қысы-жазы бай малыныңсоңында салпылдап жүре-жүре, мидай даладанбасқа, өз ауылынан өзге ештеңені көре алмай,сонау көкжиектен әрі басқаша, үлкен өмір барынбілместен-ақ кетті дегеннен бастағанмын.
1961 жылы 12 апрельде Совет Одағыныңазаматы Юрий Гагарин тұңғыш рет космосқа ұшты,
 осы туралы ТАСС хабарын бүкіл әлем тебіренеотырып тыңдады. Ол күні мен содан бірнешежыл өткенде Байқоңыр космодромында боламау деп ойлаған жоқпын-ды. Ғарыштың шетсізшексіз өрісіне тұңғыш жол салған, кейін атыаңызға айналған, дастандарға тиек болған, ән бопшырқалған адам осы Байқоңырдан ұшқан ғой. Олкүні өзім де космос тақырыбына ден қоярымды, осымақсат мені бұл кезде бүкіл әлемге мәлім жұлдыздытұғырға жетелеп апарарын да білген жоқпын-ды.
Байқоңырды біздің қазақтар күй атасы Қорқытжөніндегі аңызбен байланыстыра атайды. Халықмұңсыз, мұқтажсыз өмір сүретін Жерұйықты іздеп,жел-маямен жер-қоқанды кезген Қорқыт қайдабарса да қазулы көрдің үстінен шыға береді. Ажалдыжеңбек болған атамыз ақыры ағаштан қобыз ойып,қылдан шек байлап безілдетіп күй тартқан екен,дейді. Ол күй – мәңгі өлмеу, ажалды жеңу туралыхалықтың көкейінде әлі күнге дейін күмбірлеп кележатқаны да сондықтан, әрине.
Қазақ халқында Жерұйық туралы әлі күнге дейіналуан-алуан аңыз-әңгіме айтылып келеді. Өзініңтуған, дүниеден өткен даласы туралы бұл күндеріҚорқыт небір тамаша күйлер шертер ме еді – кімбіледі. Байқоңырдың бүгінгісі талай ұрпақ ақынжыраулар, қобызшы күйшілер шығарған не бір асқақкүй, аңыздардан әлдеқайда көркем.
Қорқыт туралы аңыздың басқашалау бір түрінмен Ишанқұл Дәулетов деген қадірмен ақсақалдыңаузынан естідім. Қарияның бар өмірі күй атасыжел-маямен желіп жүрген, бұл күнде космодромтұрған өңірде өткен екен.
 – Менің жаңа өмірге бірінші баспалдағымТүрксіб болды, – деді маған Ишанқұл қарт. –Оған келгенше күні кешеге дейін байдың батырағыедім, көзім қара танымайтын. Жол құрылысындамен сауатымды ашып, теміржолшы мамандығынүйрендім. Тек қана ол емес – енді өзімнің адамекенімді сезейін дедім...
Өмірінің ақтық күніне дейін Ишанқұл ақсақалтеміржол транспортында қызмет етті. Баласы даәкесінің жолын қуды, үш қызы жоғары білім алды.Осы бір сақал-шашы аппақ қудай кісінің ЮрийГагариннің космостағы ерлігін өз көзімен көргенін,бұрын өзі туып-өскен даланы қалай бес саусағындайбілсе, енді Байқоңыр да өзіне сондай етене бопкеткенін ерекше мақтанышпен сөйлегені мені қайранқалдырды.
– Шыны солай ғой, балам, – деп әңгімесінасықпай соза түсті Ишекең дастархан басында, –Байқоңыр тек менің ғана емес, бүкіл халқымыздыңөміріндегі биік баспалдақ болды ғой. ТүрксібпенБайқоңырға баспалап өрлеп шығу – нағыз батырдың– совет адамының ғана қолынан келеді емес пе?
Мен поэмамның атын «Байқоңыр баспалдақтары» қойғаным да осыдан, ондағы баскейіпкердің бірі Исақұл қария деп отырғаным – солжаңағы Ишанқұл Дәулетов. Түрксібтен Байқоңырғадейінгінің бәрін басынан кешкен бұл кісінің өмірісовет халықтарының туысқандық семьясында өзбақытын тапқан күллі қазақ халқына тән.
Юрий Гагариннің ерлік эстафетасын Қазақстандатуған Владимир Шаталов іліп әкеткенін біздің барлықжерлестерімізбен бірге мен де мақтан тұттым. Үш  космос кемесінің топтанып ұшқан сапарынан кейінбаспасөз конференциясында журналистер алдындасөйлеген сөзінде ол былай деді:
– Қазақстанға көп қонғаныма қуаныштымын.Мен өзім осында туғанмын ғой, қиын жылдарыЛенинградтан осында қайтып келдім, ұшуды даосында үйрендім. Қазақстан жерінен екі рет космосқааттанып, сіздердің қонақжай далаларыңызға екірет кеп қондым. Қазақстан комсомолецтері –бірінше бидай, бірінде күріш мына бір кішкене екіқапшықты космосқа ұшқанымызда ала кетуді өтініпеді. Космостық ұзақ сапарды бұлар бізбен біргеөткізді, енді осыны сіздерге алып келдік. Республикаеңбекшілеріне жаңа табыс тілеймін! Қазақстанныңдихандары мен күрішшілері мол өнімге қолы жетсіндеп тілеймін.
Халық «жақсы сөз – жарым ырыс» дегеніндей,бұл да шын жүректен айтқан ақ тілек еді «Космостық»дәндер көтерілген тың жерлерде, атақты күрішші, екімәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтыңжас ізбасарларының плантацияларында мол өнімберді.
Мен «Байқоңыр баспалдақтары» поэмама1975 жылдың күзінде, совет-американ космостықсапарынан кейін кіріскенмін. Сонда-ақ,Байқоңырдағы әдетте космонавтар түсетін қонақүйде мына жолдар туған-ды:
Біреуге әуес қызыл дала гүлі,
Біреуге бақтың, мүмкін, лала гүлі.
Сөйле не ағылшынша, не орысша,
Космоста қай-қай тіл де – адам үні.
 Жолдастық қанымызда, «дінімізде»,
Жоқ оған опасыздық тірі бізде.
Деген сөз «салқын соғыс» – басқа жақтан,
Болмаған ондай бұрын тілімізде.
Жүзден астам ұлт өкілдері – менің қымбаттыжерлестерім республикамыз бен оның Коммунистікпартиясының 60 жылдығын бейбітшілік, берекеліеңбек жағдайында қарсылап отыр. Тарихтың биікбелесінен алысты көресің және әбден анық көресің.Алда жаңа бір асу, әрқайсымыздың өміріміздіңкезеңді биігі тұр. Совет Одағының Коммунистікпартиясының XXVI съезі келеді. Менің халқымныңғасырларға бара бар жылдарда өткен айбындыжолына көз жібергенде, жүректі қуаныш кернейді.Қуанышқа толы өлең туады. Бәрімізге ортақ мерекеқарсаңында мен бұл жырларымды «Коммунизм»колхозындағы апалы-сіңлілі үш құрбыға, Қаратауқойынауындағы жас қала Кентаудың кеншілері менқұрылысшыларына, Ишанқұл Дәулетов ақсақал меноның перзенттеріне, космонавтар мен дихандарға,барша бәріне арнағым келеді:
О, дала! Ойхой дала: өркен дала!
Өңкей бір шілдехана өлкем дала!
Білмеймін неге сені теңерімді,
Кең дала, керім дала, көркем дала!
1980




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу