Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  362


Автор: Отан қорғаушылар күні

Бойларына адалдық туын тіккен

Бойларына адалдық туын тіккен,
Өзгермейтін өтсе де қанша көктем.
Елін сүйер, жерін сүйер ерлерім бұл,
Туған жерін, отанын күлімдеткен.

Әрбір ісін мұқият орындайтын,
Жүрісінен ешқашан жаңылмайтын.
Қызмет қып жүретін жгіттер бұл
Жемқорлыққа ешқашан бағынбайтын.

Отан десе жанын берер, қанын берер,
Отан десе қолында барын берер.
Салқындыққа жол бермес ерлерім бұл,
Тазалықтың қашанда соңына ерер.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу