Өлеңдер ✍️

  17.04.2022
  82


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚЫН ДОСҚА

Шаршадың ба, жігітім, шаршадың ба?
Асыр салып ойнайық ақ шағылда.
Жыр жазайық жарысып
Мына бізден
Қайтер дейсің бір белгі қалса құмда.
Ақын болсақ егерде арна ақтарған,
Қайда біздің жырымыз салмақтанған.
Құмның жыры –
Мына өскен сексеуілдер
Мүйізіндей бұғының тармақталған.
Кетпесе егер қасиет денемізден,
Қалмайды, айтшы, бір белгі неге бізден?!
Өте шықсақ айып па нөсерлетіп,
Көк аспанда бұлт болып жеке жүзген.
Асылыңды берсең де елге талай,
Ақын досым, көнбейсің жөнге қалай?!
Жанымыздың нұры боп қалсын мұнда
Көкжиектен жүгірген көлбеп арай.
 Қарамайық білмеген, білгендерге,
Жырдан күмбез орнатып жүрген жерде,
Қалдырайық бір белгі
Таңырқасын
Сыртымыздан бір кезде күлгендер де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу