Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  311


Автор: Қалижан Бекхожин

ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ

Көгенді шешсе бір шешкен,
Өзен бойлап бір кешкен,
Келін-қызы сырласып,
Біздің сүю бір дескен,
Ас пен тойда жырласып,
Тоқтағұл, Жамбыл бірге өскен.
Жайлауға бірге шығысқан,
Жанаса қонып тұрысқан.
Ерулік десіп,
май сойған,
Той-тамаша құрысқан.
Манас пенен Көкшені
Ертегіменен ұғысқан.
Бәйшешектей жарасқан,
Ауылдары жанасқан,
Бір атадан тарасқан,
Бір туғандай санасқан.
Дәйім көрші ел біздің
Бір-біріне қарасқан.
Қаптап неміс келгенде,
Бірге тұрдық аянбай.
Іс болмасын түсіндік,
Қосылыспай, таянбай.
Ұйықтамадық, түн қаттық,
 Аш кезеңде бір таттық.
Ажалжан ашкөз дұшпанды
Ар-намысын бермеген
Атақты орыс ерменен
Бірге тұрып, бірге аттық.
Ерлерді көп тудың сен,
Бауырлас қазақ – туған ел.
Сарыарқа гүлдеп – жасыл бел,
Гүлді бақ болды құмды жер,
Бағыңды қорғап, жау жеңген
Ұлдарыңмен қызық көр.
Халықтар тіккен шоң үйде
Өсіп-өніп жасай бер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу