Өлеңдер ✍️

  13.04.2022
  299


Автор: Бағлан Ерғали

Дара қыз

Бір болар алда атар таң, 


Ақ гүлім менің, ақ арман!. 


Дәл мендей сүйген өзіңді, 


Өмірден адам табар мән. 


 


Өзіңді ойлап шат күлген, 


Ғажайып ойға баттым мен. 


Бағымды осы, дара қыз, 


Өзіңнен іздеп таптым мен. 


 


Гүл көркің көзді арбаған, 


Мен үшін қымбат ар, бағаң!. 


Өрілген өлең, ән, жырды, 


Бір саған жаным арнағам. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу