Эсселер ✍️

  09.04.2022
  81


Ұлы атамыздың 175 жылдық мерейтойына!

Абай Құнанбаевтың шығармашылығы — даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі.
Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге келген. Ол қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшыл, философ, ақын. Абай атамыздың шығармашылыққа балалық кезінен әжесі Зере баулыған. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.
Абай атамыз ауылдық молдадан білім алып, сауат ашып, кейіннен Семейге білімін шыңдауға барған. Медресе оқуында жүрген уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай атамыз ақындық жолына бағыт бұрады. Абай атамыз өлең және шығармаларын үзіліссіз жазуға тырысты. Абай атамыз 1885 жылда «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» — деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлеңі тұңғыш Абай атамыздың шығармасы болып, ақындық жолдағы ізденісін танытты. Ақынның шығармалары рухани-адамгершілік қасиеттерге толы, адамның бойындағы тумысынан берілген құндылықтарды насихаттау мақсатында жазылған. Халықты білімге, ілімге, адамгершілікке шақырған.
Ақынның қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Жалпы қара сөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тұрады. Ақынның әр шығармасы тұнған даналық, адамға ой салатын насихат десем артық айтпағаным деп білемін. Ақын тек шығарашылығында насихаттаған адамгершілік бейнені, нағыз білімді, шынайылықты ойымен ғана емес, сөзімен ісімен жалғастырған адам. Абай атамыз шығармаларын өз жүрегімен сезініп, тұла бойынан өткізіп, риясыздықпен халқына жолдаған, біртуар, ұлы тұлға.
Ақын тек адамгершілік бейнені, ізгілікті ғана емес, табиғатты, болмысты, өмір шындығын, ақылпарасатты, адамның мүмкіндіктерін, барлық тіршілікке қатсытыны ұштастырып бейнелеген.
Абай атамыз аудармашылықпен де айналысып, халқымызға шет елдердің көп шығараларын ұсынған ақын. Халқы үшін жасаған ісі зор.
Құнанбай әкесі Абайды жайдақ сумен теңеген. Оның себебі Абай атамыздың қарапайымдылығы еді. Ол қатарластарының арасында сауатты, ауқатты болса да қарапайым халыққа қызмет етуді мақсат еткен жан еді.
Абай ата – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.
Атамыздың есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық жағдай, тұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан аумалы-төкпелі заманда қоғам көшінің ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың ұлттық рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу -бұлар дәуірдің, әлеуметтік өмірдің өзі туғызған тарихи қажеттілік болды.
Осы қажеттілік бүкіл қоғамдық ой-санаға, әдебиет пен өнерге жаңа серпін берді. Нағыз халықтық, реалистік принциптерге негізделген жаңа жазба қазақ әдебиеті, Абай шығармалары осы қоғамдық сұранысқа толық жауап берді.
Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу