Өлеңдер ✍️

  03.04.2022
  106


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

СЫР

Сенің әкең ешқашан тарылмады,
тарылмады сен үшін барында әлі.
Кетсе егер кемшілік көп ісінен,
кетті бәрі ойлаудан қарын қамын.
Бәрін көрді,
бүгінде көбі ескірген,
бәрін көрді, тек көрген емес күндеп.
Өзіңді көтерді тек төбесіне,
қарыннан жоғарырақ боп өссін деп.
1969




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу