Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  100


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ИМЕНШЕК СӘУЛЕ ЖҮЗІП ЖҮР…

Именшек сәуле жүзіп жүр,
жәй қысылатын сықылды.
Жайнайды келіп қызыл гүл,
қайғысыз ақын сықылды.
Қайыңдар сұлу,
сұрама,
толысқан белің емес пе?
Қарайып қапты жыралар –
қамыққан көңіл емес пе?
Жылжиды Тобыл жарқырап,
арманды да болар-ау:
ұлылардың артында
қалған мұра болар-ау.
Бұталар ойдан сызбай түк,
бықсып-ақ тұрған шығар-ау,
мені ұнатқан қызды айтып
сыпсыңдап тұрған шығар-ау.
1967




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу