Өлеңдер ✍️

  31.03.2022
  144


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ - ТАРТЫС–КҮЙ

Бәз біреудің ауыр болса артқаны,–
амалсыз жан, қимылдай гөр молырақ.
Бәз біреудің жеңіл болса тартқаны
Сол әлсіз жан – соны бақ.
Қашан мықтап болғаныңша олжалы,
қашан қолыңа ілінгенше мол жағы,
тарт, тарт, бала, ілінгенше мол жағы,
ал, ілінсе – жібермессің сен-дағы.
Өкпе айтқанша аз алдым деп жұлып көп,
Көп алуға болады де – бәрібір.
Нені тартып ала алсаң сен жігіт боп,
айрылғаны сол болады кәрінің.
Күші де көп, тартысы да көбейді,
Күш сыналса – тік тұрады алуан көп.
Күрескені үшін палуан демейді,
жыққаны үшін атайды ғой палуан деп.
1967




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу