Өлеңдер ✍️

  30.03.2022
  136


Автор: Абдрахман Асылбек

Саяжай

Бір күні иесіне
Саяжай былай деді:
«Жаратқан Құдай мені
Кім үшін, білесің бе?
Жоқ, білмейсің.
Білсең, бұлай жүрмейсің.
Ішкенің алдыңда,
Ішпегенің артыңда,
Түнімен «сызасыңдар»;
Қызасыңдар,
Достарыңмен бірігіп,
Өліп-тіріліп,
Қайта бас жазасыңдар;
Жыртақтай жеңіл күліп,
Мәні жоқ өмір сүріп,
Осылай азасыңдар.
Бұл жерге ақын келсе,
Басқаша болар еді:
Жанына лапыл берсе,
Көңілі толар еді,
Шабытқа қонар еді.
Табиғат аясында
Қиялды қуар еді.
Саяжай саясында,
Тың жырлар туар еді».
* * *
Ақындарға аядай
Жетпей жүрсе саяжай,
Ақымақтар оларды
Қорлап жүр-ау аямай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу