Өлеңдер ✍️

  30.03.2022
  191


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ДАҢҚ...

Даңқ!–
Мынау тас бетінде жүр жүзіп,
бәз біреудің жанын тірі тас қылып;
бәз біреуді демеп тасқа мінгізіп,
бәз біреуді кетті таспен бастырып.
Жалақтап кеп жанады от,
Қызыл ұшқын ұшады кеп шырқырап.
Көріне ме көз байғұсқа жаңа боп
ескі ошақтан шыққан әрбір жылтырақ?
Есер көңіл еспе сөзге жүзіп тұр,
Мендегі ұшқын бір жылт етіп көз жұмды.
...Тұтандырар түк таппаса қызыл тіл
айналып кеп өртейді екен өзіңді...
1965




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу