Өлеңдер ✍️

  26.03.2022
  75


Автор: Абдрахман Асылбек

Бөшке

Дөңгеленген бөшке болды,
Өзі тым мешкей болды.
Арандай ашып қақпағын,
Күн-түні тыным таппады.
Қой еті ме, шошқа еті ме?
Әлде, басқа еті ме?
Қарамады біріне,
Қарамады түріне,
Үлкен бе, әлде кіші ме?
Тыға берді ішіне.
Тойғанын білмеген соң,
Ішке ауа кірмеген соң,
Іштегі түгел ашып кетті,
Ашыған соң, сасып кетті.
Қарын кеуіп кетті,
Сыртқа теуіп кетті.
Тынысы тарылды,
Ақыл-естен жаңылды.
Кере-кере қарынды,
Қарыны бір күн жарылды.
Осы болды бөшкенің
Бұл өмірден өшкені.
* * *
Ей, адамдар, ұғыңдар,
Болғаныңмен бүгін бар,
Өлсең, сыйлар кімің бар?
Мақсат ішіп-жеу ме екен?
Ұшып кетсең желменен,
Не күтеді ел сенен?
Қалыпты ұстап қарынды,
Еліңе арна барыңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу