Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  101


Автор: Абдрахман Асылбек

Күндер өтіп барады

Күндер өтіп барады,
Күндер өтіп,
Қаптайды қалың ойлар түнделетіп.
Қалдырған ойларыңнан аңғарасың
Жатқанын бұл өмірден кімдер өтіп...
(М. АЙТХОЖИНА. Ақ бесігім. 72-бет)
Жырымның буындары мүлде бекіп,
Жазамын жатар кезде мінбелетіп.
Күн бойы күйкі тірлік қолды байлап,
Қаптайды қалың ойлар түнделетіп.
Бақытқа бірде жетпей, бірде жетіп,
Барады бұл өмірден кімдер өтіп?
Көзіңді жұмған сәтте аңғарасың,
Қаптайды қалың ойлар түнделетіп.
Жазғанмен түнделетіп, күнделетіп,
Еш нәрсе бергенім жоқ іргелі етіп.
Қаптаған қалың ойлар қорнауында
Барады күндер өтіп,
Түндер өтіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу