Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  97


Автор: Тортай Сәдуақас

Жанымда тұрған....

Жанымда тұрған жұмбақтай, Жүресің және тіл қатпай.
Келесің таңды құрғатпай, Кетесің және күн батпай.
Көрсем деп сені жиі аңсап, Шарладым жердің барлығын.
Сиқырлым менің, ұялшақ, Құбылған назбен, тағдырым.
Ақша қар болып арбадың, – Ерідің неге бірақ та?
Ізіңді кесіп, шарладым, – Таптырмай кеттің жыраққа.
Ұйтқыған ұлпа қарым ба, – Алабұртқан шақта аспан?..
Кімсің сен – болашағым ба, Қадамым ба әлде шалт басқан?
Сезем бе жүрек жылуын, Телміре сырттай қарап та.
Біресе – бірге сұлуым, Біресе – ғайып заматта.
Жүзіңді бүркеп жүргенің, – Құштармын бірақ өзім де.
Жүрекпен сезіп-білгенім, Көрініп тұр ғой көзімде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу