Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  65


Автор: Абдрахман Асылбек

Алкид

Алкаменнің ұлы Алкид
Ер жүректі жігіт еді шат өңді.
Тау ішінде келе жатып бірде Алкид
Жолмен қауіп-қатерлі,
Жәндік көрді домаланған кірпідей,
Түсінбеді, білмеді ол не екенін.
Өкшесімен езбек еді түрпідей,
Екі есе өсіп шыға келді о перің.
Алкидтің тез бар ашуы кеп қалды,
Қолына алып енді ауыр шоқпарды,
Оқталды –
Қауіптірек түрге енді әлгі ит тым:
Шамадан тыс ісініп,
Күнге қалқа түсіріп,
Жүрер жолын жауып қалды Алкидтің.
Сол ғажаптың алдында үнсіз тоқталды,
Тастады да шоқпарды.
Кенет сонда Афина ару кеп оған:
«Әуреленбе, тоқтат інім! – деді оған, –
Бұл сұмдықты жұрт Ерегіс деседі,
Тиіспесең, көрінбеуге көшеді.
Ал, егерде тисе біреу тас алып,
Ұрған сайын кебе түсіп, қасарып,
Таудан зор боп өседі».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу