Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  106


Автор: Абдрахман Асылбек

Қараторғай

Әркімге сай дарын бар,
Бетке ұстап өзге атағын барымдар,
Баратын да залым бар
Білмейтұғын жұмысқа.
Ақылымды алыңдар:
Қолдан келер іске ұмтылған дұрыс та,
Жақсы жеміс күту үшін осыдан.
* * *
Қараторғай жасынан
Ән сап көрді Сарышымшықша бірқандай,
Әуел бастан Сарышымшық боп туғандай.
Тәтті үнімен тербетті бар тоғайды,
Мақтады жұрт Торғайды,
Басқалар бақ санар еді соны да.
Естіп қалып Бұлбұлды елдің қоштарын,
Күншілдігін қоздырып ол сорына,
Деді: «Тоқта, достарым,
Тақпаңдаршы босқа мін,
Сайрай алам Бұлбұлша!»
Шырқап кетті шынында,
Маңайласа дұрыс еді-ау тым құрса:
Басты шиқыл, қырылға,
Бірде ешкіше бақылдап,
Қақылдап,
Мияулап та тақылдап,
Барлық құсты бездіріп ол бақырды-ақ.
Дер едім мен: «Торғай, көнсең ақылға,
Сарышымшықша шақыр да,
Бұлбұл болып шатылма».


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу