Өлеңдер ✍️

  18.03.2022
  99


Автор: Нұрлан Оразалин

Жауын толастар…

Жауын толастар… Күн күлер…
Терезе қаққан
аптығын басар жынды жел.
Тыныштық орнап,
тымырсық аспан қуырып миды,
құрысты жазып,
тұла бойыңды үңгiлер.
Сарсаңға түскен
сағынышыңды, бiрақ кiм бiлер?!.
Кiм бiлер?!.
Сананы санға бөлшектеп,
секундтарың менен
минуттарыңды өлшеп кеп,
жетiқат көктiң жерiк нұрлары
сiмiрiп жатқанын,
сiңiрiп жатқанын емшектеп…
Кiм бiлер?!.
Жауын толастар,
күн күлер,
тулаған мөңкiп,
аптығын басар жынды жел.
Өткен күндерiң,
кеткен күндерiң – бiр арман,
сарсаңға түскен
сағынышыңды сенiң кiм бiлер?!.
5 тамыз, 1978 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу