Өлеңдер ✍️

  18.03.2022
  130


Автор: Нұрлан Оразалин

Сақта менi!

Сақта менi! Сақтай көр өкпе-наздан,
тарқата алмай өкпесiн өткен аз ба?!
Өкпелесем – өзiме! Тек өзiме!..
Өкпелiмiн
сәттерiме ауытқып кеткен аздап.
Өкпелiмiн мас болып өз демiме,
өзгерiп кеткен кейбiр кездерiме;
қабағына қарамай адал достың,
артық кетiп, кем айтқан сөздерiме –
өзiмдi өзiм жоғалтқан кездерiме.
Өкпелiмiн кей iске барған бiлмей,
күмбiр-күмбiр кеудеде арман күлмей…
Бүрiседi бiр сезiм, соны ойласам,
тым ертелеу қауызын жарған гүлдей.
Өкпелемен ағаға, жасқа, кәрi,
тауларыма жоқ өкпем асқаралы.
Менiң өкпем – өзiмде!
Тек өзiмде!
Өзiммен аяқталып…
Өзiмнен басталады…
наурыз, 1978 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу