Өлеңдер ✍️

  18.03.2022
  96


Автор: Нұрлан Оразалин

Жүзiңдi көргендей...

Жүзiңдi көргендей болдым,
демiңдi сезгендей болдым,
көк төсiн қалқып
кезгендей болдым.
Көк барқын таулар,
қара айдын теңiз елеңдеп,
естi кеп бiр жел
Алатау жақтан өлең боп.
Жыралап қашып, андыздай,
ақылға құрық салғызбай,
жұлқынды жүрек!..
Сағыныш буып,
қан қызды-ай…
Қарлы тау асып кетсем бе дедiм,
Теңіз бен қырды кешiп өтсем бе дедiм?..
Арада жатқан
шақырымдарды сындырып,
қас-қағым сәтте жетсем бе дедiм,
қасыңа сенiң
отырған шақта елеңдеп,
күзетiп түндi,
жалғыз-ақ шумақ өлең боп…
Пицунда,
20 наурыз, 1980 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу