Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  324


Автор: Нұрлан Оразалин

Далада аяз...

Далада аяз...
Ақпанды ұмыттым да,
ақтарылдым бiр бөтен сезiм болып,
жанарымнан ел сезбес сыр ұқтың ба,
орғыды бiр ойнақшып көзiңде елiк,
(Кездестiң сен...
Ғажайып кезiм болып)?!
Ырғағында вальстiң...
Ағынды әннiң
сезiмге ерен көмiлдiм...
Тербетiлдiм.
Қанша күткем,
сәттi осы сағынғанмын,
аңсағанмын қонуын жерге түннiң?!
Құшағында сезiмнiң тербетiлдiм...
Жүздiм, қалқып вальстiң екпiнiмен.
Ақпан...
Аяз...
Алматы шыр айналды.
Ерiп, балқып бар денем кеттi бiлем,
қызыл-жасыл дүние шырайланды...
Көңiлiмнiң осы бiр күйiндей боп,
көктемдей боп,
көйлекшең-киiнбей кеп,
аязға ертiп кетсең де
армансызбын...
Армансызбын!
Тербетiлген
жастықтың биiндей боп...
ақпан, 1969 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу