Өлеңдер ✍️

  16.03.2022
  82


Автор: Абдрахман Асылбек

Қой үстінде бозторғай

Қой үстінде бозторғай
Ұя салған кездер-ай.
Айтылмаған сөз қалмай,
Ұға салған кездер-ай.
Кішілері әр кезде
Үлкендерін сыйлаған.
Қайда, қайда сол кездер?
Кімдер бүгін сыйлы адам?
Ал, жігіттер бұл күнде
Салынған бос селтекке.
Не боп кеткен, шіркіндер?
Әйел ме, әлде еркек пе?.
Қыздар нәзік десе де,
Айылдарын жимайды.
Әттең, әттең, көшеде
Тән сатқаны қинайды.
Ақиқатты табам деп,
Сансырадым, сабылдым.
Мынау қандай заман деп,
Аңтарылдым, аңырдым.
Қиындақ жоқ жеңбейтін,
Күдіктерден арылдым.
Өмірбақи өлмейтін
Үміттерге табындым.
Кейде құлап, жаңылдым,
Жүріп өткен жолымда
Бәрін, бәрін сағындым.
Бәрі тағдыр қолында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу