Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  94


Автор: Нұрлан Оразалин

Гүлназға

Гүлназға
Кішкентай ғана
томпаңдап күлген
төрт ауыз үйдің қызығы;
томпаңдап жүрген
папасының «бұзығы».
Сен кімге осы
тірліктің әнін нұсқайсың,
жымиып қана мәз болып?
Қасымнан менің
бір сәтке тіпті шықпайсың,
кеудемізге жаз қонып...
Кішкентай ғана
томпаңдап күлген
төрт ауыз үйдің қызығы;
томпаңдап жүрген
төрт ауыз үйдің «бұзығы».
Қарашы!
Бүгін
Сүмбеге күліп таң атты,
өзенмен күліп су ақты,
Сентябрь үнін,
тербетіп мына алапты
сенің бір күлкің жұбатты.
қыркүйек, 1967 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу