Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  154


Автор: Нұрлан Оразалин

ДОСҚА СЫР

Оқылмай қалыпты талай жыр,
жол ұзап, елден бiз кеткелi.
Еске алып кей күнi: «Қалай жүр?»
Дедiң бе ұмытып өкпенi.
Айрылсақ аз күнге сазатын
жүректе, сезушi ек, сыр-бөтен.
«Жырларды жарыса жазатын,
дедiң бе, ұмытып жүр ме екен?»
Шынарды қарайған шыңдағы
кеш сайын жел тербеп өткенде:
«Анасын, Әкесiн мұндағы,
дедiң бе, ұмытып кеткен бе?!»
Жоқ, досым! Ақталман, кешiр, сен,
сиредi шынында хат бiзден.
Құдай бар, қайырар есiрсем,
ұмытар тәубасын, бақсыз ба ем?!.
Ұмыту – күнә ғой бал күндi,
жүректi толқытқан жырларды;
қаз-тырна қоштасқан шалғынды,
күнә ғой ұмыту қырларды.
Сеземiн, Сезесiң... Ұмытпа!
Есейiп келемiз, алыстап.
Ерте көктем
 Көксай да, Көкбастау – тұнық та,
алыстап барады таныс бақ.
Жасырман. Қиналам кейде мен,
әлдекiм жолымнан бұрғандай;
сезiмдi құрықтап ойлы өлең,
тауларым мұңайып тұрғандай.
Суық күз ақ қарға жалғасып,
сен, досым, ауылдан кеткелi,
кеудемнен кеткендей ән қашып,
күллi әлем секiлдi өкпелi...
Жол ұзап елден бiз кеткелi...
желтоқсан, 1965 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу