Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  195


Автор: Нұрлан Оразалин

ТАҢҒЫ СУРЕТ

Ұйқылы-ояу тұр аспан,
сілкінді бөктер, жаз бағы.
Қыдырып сәуле қыр асқан
жыр болып іште маздады.
Бұлбұлдың үні сайраған
жаңғырып тауға жалғасты.
Табынға сиыр айдаған
ауылдың үстін шаң басты...
маусым, 1964 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу