Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  142


Автор: Рафаэль Ниязбек

АЛТЫН МЕҢДІ АРУ ҚЫЗ

І
Сабыла іздеп арманын шың-құзды асқан,
Шың-құзды асқан,
Жолықса жымыңдасқан.
Алтын меңді ару боп елестеді
Сері өлкеге осынау жұлдызды аспан.
Гүл-гүл жайнап көктемде кеткенде алап,
Қызу қаны бойына өктем тарап,-
Алтын меңді ару қыз
Аса ынтығып
Сері өлкеге тұрғандай көктен қарап.
Алтын меңі көрініп өзге күштей,
Тірлік, сірә, болсын ба жерге түспей,-
Ұйқыдағы алыпты оята алмай
Жоғалады таң ата көзге түспей.
ІІ
Ата ерліктің сертімен атақ алып,
Жүргесін де береді-ау бата халық.
 Меңді аруға түн болса телміреді,
Шалқасынан сері өлке жата қалып.
Көктің нұры сол әлі дала гүлдер,
Дала гүлдер,
Онымен бала тілгер.
Мол жасау ап
Көктегі “құдаларға”
Ағыла енді бастады корабльдер.
Жалды да емен, бұл күні жалқы да емен,
Жақсылықты сезді ме –
Шалқыды өлең.
...Меңді аруын сері өлке алмақшы енді
Ата қазақ елінің салтыменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу