Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  116


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАРТ АҚЫННЫҢ СЫРЫ

Қиындық па?
Қиындық келем көріп,
Жүрмін бірақ гүлдерді белеңде өріп.
Айналайын, ауылдан Алатауға
Келіп едім көк өзен - өлеңге еріп.
Құс тербеткен ормандай шуылдаған,
Асау қаным тулайды дуылдаған.
Шырқап ұшып көгімде шарықтайды,
Жүрегімнен сұңқар-жыр туындаған.
 Осы сәтті жан едім армандаған,
Армандаған,
Бірақ та арланбаған.
Жалғаймын деп сарсаңға түсіп жүрмін
Бір әулеттің үмітін жалғанбаған.
Бұла шабыт түнімен жатпайды үдеп,
Күдікті ойлар және де қаптайды кеп.
Аққуды атқан көзсіздер,
Кім айтады
Сұңқар-жырды мен жазған атпайды деп.
Ойлар, ойлар күн сайын тереңдеген...
Мынау сұңқар-жырымды төрем деген, –
Жүрмесіне кім кепіл жазым етіп,
Сереңдеген біреулер, сереңдеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу