Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  172


Автор: Абдрахман Асылбек

Дала гүлі

Керемет түрлері,
Даланың гүлдері,
Сен үшін жинаймын.
Беріле қиялға,
Болсаң да қиянда,
Гүлімді сыйлаймын.
Өтсе де көп күндер,
Тамаша көп түндер,
Сақтаулы есімде:
Керемет түрлері,
Даланың гүлдері
Жайқалған төсіңде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу