Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  286


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАРА БЕТ БОП СЕН ҚАЛАСЫҢ

Ақыл қашып, басыңнан бөркің қашып,
Сөйлемесең болмай ма көтіңді ашып.
 Қиянатқа қимаған кісің бар ма,
Қысастықтың сөндірмей өртін басып.
Жұлып алып кеудемнен мен берейін,
Жегің келсе егер де өтімді асып.
Қара қоңыз секілді қайқаңда өрген,
Сұмның бәрін кім-кімде сайтан көрген.
Сендей сойқан жоқ еді ойлы елімде,
Қайдан келген пәлесің, қайдан келген?!
Жаны жайсаң жандарға оқша атылған,
Сендей сойқан қайда жоқ боқ сасыған.
Боқ сасымай тірлікте жүре ала ма,
Күндіз-түні арқалап боқ тасыған.
Қуысына тығылған үкідейін,
Сенен қорқып мен неге дірілдейін.
Тірі өлікке айналып сен үлгердің,
Жерге мені көмем деп тірідейін.
Домбыраның айналмай тиегіне,
Күйік болып жабыссаң киеліге.
Қара бет боп тарихта сен қаласың,
Ұрпағыңның дақ салып сүйегіне.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу