Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  102


Автор: Рафаэль Ниязбек

АЗАМАТ ЕР

Туған жердің аралап атырабын,
Тал бойыңда бұрқанып жатыр ағын.
Қара орманның сен едің қарағайы
Құйын жұлып көрмеген жапырағын.
Ақбоз атқа ақырып ерте мінген,
Ағалардың бірісің елде жүрген.
Шыңға ұмтылған өзіңдей жанның бәрі
Шыңыраудан сыр тартып шерте білген.
Дүбірлеткен кеудесін құба белдің,
Бәрі бірдей өр емес тұлғалы ердің.
Құстай ұшып тойыңа мен жетермін,
Кісінетіп құлынын Құлагердің.
Өкпе неге артайын өз басыңа,
Куә Алатау сауыттай тозбасыңа.
Сені де, аға, қарақтап жүрген жоқ па,
Нанын малып жегендер көз жасыма.
Сенің жүрек отыңнан зарядталып,
Болашаққа жол тартқан қария аттанып.
Күндер қанша көзінен көктем күлген.
Көкірегіңнен тұрғанда дария ақтарып.
Жұрттың бәрі өзіңмен араласқан,
Асулардан алқынбай саналы асқан.
Найзағайға айналып,
 Сен емес пе
Жалғандықтың бәрімен жағаласқан.
Шуақ есіп тұрғанда төңіректен,
Өмір қанша тірлікте көңілді өткен.
Азамат ер өзіңдей
Жетпістің де
Адырнасын өгіздей мөңіреткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу