Өлеңдер ✍️

  05.03.2022
  104


Автор: Абдрахман Асылбек

Табиғат бүгін иіп тұр

Табиғат бүгін иіп тұр,
Алтынды нұрын құйып тұр.
Алатау-ару асқақтап,
Төбесі көктен биік тұр.
Табиғат бүгіп күліп тұр,
Жадырап жарқып, жылып тұр.
Алапты жапқан әппақ қар
Береке болып тұнып тұр.
Табиғат бүгін анық бір,
Алауын таңның алып тұр.
Көк сүңгілердің ұшынан
Меруерт болып тамып тұр.
Табиғат бүгін қайық бір,
Тербеле құшақ жайып тұр.
Тамылжып дәйім осылай,
Қам көңілдерді айықтыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу