Өлеңдер ✍️

  05.03.2022
  118


Автор: Абдрахман Асылбек

Таңсық көріп, араққа үңілеміз

Таңсық көріп, араққа үңілеміз,
Үңілеміз – сілкіне сіміреміз.
Шақшадай бас бір кезде шарадай боп,
Бір-бір өліп, қайтадан тірілеміз.
Таңсық көріп, араққа үңілеміз,
Үңілеміз – ұқсаймыз күбіге біз.
Құйып алып қарынға, дарынды улап,
сіп, кеуіп, мақтанып, күбінеміз.
Таңсық көріп, араққа үңілеміз,
Үңілеміз – тайғанап, сүрінеміз.
Бақ пен тақтан айырылып ақырында,
Бөтелкенің батамыз түбіне біз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу