02.03.2022
  210


Автор: Сұлтан Оразалы

САПАР

(Деректі фильмнің сценарийі)


 


Заманалар үнін жеткізгендей қобыз сарыны естіледі. Шыңғыстау. Шығыстан батысқа қарай керегедей керіліп жатқан тау жоталары. Архат пен Қызылтастың тас шоқылары, Орда биігі сан түрлі бояумен құбылады. Сарғайған дала, сары тап болған уақыттың мəңгілігін сез- діреді. Күннің қызара батып көкжиекке сіңген, ай астында қалқыған тау сілемдері. Кенет даланы дүбірлеткен мың сан аттың тұяғы. Хан тауының етегінде жусан иіскеп тұрған С. Оразалының көз алдына бұл- дырап осы далада жосылып бара жатқан Шыңғыс əскері көрінгендей («Шыңғыс хан» деректі фильмінен екі көрініс алынады). С. Оразалы биік жақпар тастың үстінде отыр. Ақтамберді, Мамай, Тоқтамыс, Абай кесенелері тізіліп өтеді. Ойлы. Даусы кадрдан тыс естіледі. Қобыз үні бірде үдеп, бірде баяулайды. Жүргізуші даусы аяқталар шақта Шыңғыс бауырындағы соқпақ жолдар көрінеді. Соған титр шығады.


С. Оразалы (кадрдан тыс): Заманалар бойы қасқайып тұрған кəрі Шыңғыс тарихтың қаншама сұрапыл дауылын бастан кешірді десеңізші! Əр сайы мен төбесі, аңыздағы суреттей құбылған биік шоқылары, сартап болған уақыттай сарғайған даласы бауырын мекендеген халқының тағдырын сөз етсе ұшы-қиырсыз ұзақ жырға айналар еді. Ол жырдан осы өлкеде өмір сүрген батыр ұлдарының ерлік істерін, дана ұлдарының мұң-сырын, махаббат пен ғадауат майдандасқан, қызығы мен қасіреті аралас өмірдің тауқыметін қанша көрсе де қайыспаған халқының жанын ұғар еді. Бұл мекен ұлы ерлікті де, ұлы сөзді де, қасіретті оқиғаларды да көп көріп, көп естіген. Бəрін де есінде сақтаған.


С. Оразалы (кадрда): Мен сіздерге қатыгез тағдырдың дауылы жан- жаққа шашыратып жіберсе де, кіндігі осы өлкемен байланысып жатқан көп ұлдарының бірі туралы айтпақшымын. Ол дүниеге шыр етіп кел- мей тұрып, ана құрсағында жатқан кездің өзінде қуғын көріп, атамекені Құндыздыдан ауып, ұзақ жол, сапар үстінде туған адам. Сондықтан да атасы Ыдырыс оның есімін Сапар деп қояды. Ауыр жолдың ыстық, суығында Шыңғыстың қайрақ тасындай шыңдалып өскен жас ұлан ер жетіп, етек жапқан жерінде ел көзіне түсіп, иісі қазаққа қадірлі азамат болып өседі. Иə, біз көрнекті жазушы, журналист, қоғам жəне мемле- кет қайраткері Сапар Байжанов туралы айтып отырмыз. (Сапардың суреттері көрсетіледі.)


Биік қырдың басында үш күмбез тұр. Бұл осыдан үш ғасыр бұ- рын саз бен жылқының қылын араластырып, ешкінің майына иле- ген кірпіштен тұрғызылған Байжан зираты. Зират маңайындағы уақыттан сарғайған, қызыл қына жапқан ескі тас қорымдар осы əулеттің бабалары жерленген, талай ғасырдың куəлері. Төрт құлақты жалпақ бейіт Абай замандасы Серғазы қажының зираты.


 


С. Оразалы (кадрдан тыс): Құндызды өлкесіндегі бұл жер Меңдеке деп аталады. Ежелден Тобықты ішіндегі Жөкеңнен тарайтын Наз руы- ның атамекені. Ал мына күмбез осыдан үш ғасыр бұрын салынған Байжан зираты. Байжанның немересі Серғазы қажы заманында бай, білімді болған, Абаймен замандас, сыйлас адам. Сапар Байжанның бесінші ұрпағы.


Күмбездің іші. Сыртта құран оқып отырған адамдар. Сөйлеуші адамның даусы кадрдан тыс естіледі.


Ж.Оразханұлы (кадрда): Байжан ата зиратында тұрмыз. Ол екі ба- ласымен осы күмбездің ішінде жерленген екен. Халық есінде жақсы лебізбен қалған адам. Кезінде би болған. Қысты күні бойдақ қойлар- ды сойып, азығы таусылған кедей-кепшікке таратады екен. Сондай қамқорлығымен құрметке бөленген.


Саға.. Құндызды өлкесінің бойы. Осы жерді аралап жүрген С.Оразалы. Құндызды ауылы. Көшелері. Биік теректер өскен алқап. Шəкір Əбенов атындағы мектеп. Мектеп ауласындағы ақын ескерткіші.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Бұл Құндызды өзенінің сағасы, менің ата бабамның мекені. Меңдеке мен Сағаның арасы төрт-ақ шақырым жер. Екі ауылдың адамдары өмір бойы қатар жасап, аралас-құралас өсіп, құда-жекжат болған.


Құндыздының сырт жағы, Бəйтекең бұлағы, ағашты өлке көрінеді. Жынтастың қатпар-қатпар қойнаулары, сай-саласы. Бөрілі тауы- мен, ақ жазық. Осы көріністерге отызыншы жылдардың хроникасы араласады. Байларды тəркілеу, колхоздастыру, аштан өліп жатқан адамдар. Елінен ауған жүдеу көш. Жол, жол... «Елім-ай əні»


С.Оразалы (кадрдан тыс): Кеңес өкіметінің орнауы осыншама құ- нарлы, сұлу өлкені жайлаған мамыражай жұрттың ойранын шығарды. Əке мен бала, аға мен іні, бай мен кедейді жауластырып, бейбіт елдің берекесін қашырды. Ғасырлар бойы қалыптасқан тіршіліктің өзегі үзілді. Ең алдымен «байсың» деп бас көтерер адамдарын байлап, матады, жер аударды. Артынан жаңа қоғам құрамыз, ортақ байлық жасаймыз деп жұрттың қолындағы малын тартып алды. Күн көрісінен айрылған халық ашаршылыққа ұшырап, босып кетті. Əсіресе қаладан алыс жатқан Шыңғыстау, Шұбартау, Абыралы жұртының сүйегі жол бойында ақ жем болып шашылып жатты. Байжан ұрпағы осы зұлматтың алғашқы құрбаны болды. «Бай болған», «би болған», «қажы болған» деген желеумен 1928 жылы тəркілеуге ұшыраған бұл əулет үш-төрт жыл бойы қазақ даласының əр пұшпағында қаңғумен жүрді. Балқаш асты, Жетісу барды, Таразды паналады, Қырғыз елін сағалады. Ақыры Хан Тəңірінің бауырындағы Кеген жеріне табан тіреді. Əулетті басқарып жүрген Ыдырыс ақсақал


 


Кеген тауының топырағы Шыңғыстауға ұқсастығын, көдесі мен көдесі, жусаны мен жусаны бірдей екендігін медет тұтты. Елін, жерін сағынғанда оның бел-белесін аралап кететін. Ұрпағына қасиетті Кеген жерін Шыңғыстаудай қастерлеуді үйретті. Сапар осы өлкеде ер жетті.


Кегеннің таулары, Кеген өзенінің ең көрікті жерлері, Шарынға таяп қалғандағы тау жоталары. Күлəш Кеген өзенінің сағасында- ғы биік қыратта тұрып сөйлейді. Кеген ауылы тұтастай көрінеді. Көшелері, орталық алаңы. Кегенді қоршаған биік тау жоталары Ақшоқы, Бөлексаз, Шырғанақ сағымға оранып, бұлдырайды. Оның бауырындағы өзеннің жалпақ айдыны күнге шағылысып, əсем көрініс- ке айналады. Өзен бойында жайылған мал, жылқы.


К.Бейсенбиева (кадрда): Мынау біз тұрған жеріміз қазіргі Райымбек ауданының орталығы – Кеген кеңшары. Осы жерге Сапекең бір жарым жасында келген екен....


Үлкен атасы осы жерде дүние салды.... Екі ағасы соғысқа кетіп, қайтпады. Сапекеңнің өз əкесі де майданға барып, аяғынан жараланып, қайтып оралып, осында еңбек етті. Бір ағасы мұғалім болды. Ол кісі де соғысқа қатынасқан, Іслəм деген кісі. Жалаңаштағы орыс мектебінде сабақ берді. Сол Жалаңашта мəңгілік ұйқыда қалды. Омаш деген ағасы....


еңбекқор, жаны жақсы адам болатын. Ол кісі де Жалаңашта жатыр. Ал кіші ағасы Тағаш деген кісі журналист еді. Сапекең сол ағасын өзіне өнеге тұтқан. Тағаш аға осы Кегенде отыз жыл бойы аудандық газеттің редакторы болып жұмыс істеді. Барлық өмірін еңбекке арнады.


Кеген өлкесінің əсем көріністері. Қарқараның сұлу табиғаты. С.Байжановтың бала кезгі суреттері. «Кеген-Қарқара» романының қолжазбасы. Жазушының осы өлке туралы жазған əңгіме, очерк, ро- манынан газет-журналға басылған үзінділері көрсетіледі. Толқи аққан Кеген өзені. Аудан іргесіндегі қалың зират.


С. Оразалы (кадрдан тыс): Міне, тағдыр деген осы. Тау асып, тас басып, бір қиырдағы Шыңғыстаудан жеткен Байжан əулетінің көп- шілігіне топырақ осы жерден бұйырыпты. Кеген өңірі Сапар Байжа- нов өмірінің де, өнерінің де бесігі болды. Ол өзінің таңдаулы роман, повестерінде осы өлкені емірене суреттейді.


Кеген ауылының төрт жағы да биік таулармен қоршалған. Со- лардың əрқайсысы əр басқа екені бірден байқалады. Алыстағы Нарынқол жоталары Алатау тəрізді биік, қара қошқыл тартып көрінсе, Қарқаралы жағы құзды, жартасты, ал келген жағымыз – Шарын бетіндегі жоталар Арқаның Шыңғыстауына қатты ұқсайды. Камера осы ерекшеліктерді айқындай түседі. Ақшоқы, Ақтасты, Қурайлы өлкесі. Кегеннің айдынды суына шомылып жатқан балалар.Сапардың анасы мен бала кезіндегі суреттері Күлəштің сөзінің арасында көрсетіледі.


К. Бейсенбиева (кадрда): Сапекең Кеген өңірін өзінің туған жері,


 


өзінің елі де есептейтін. Əрбір тау-тасы, əрбір шыршасы, əрбір ауыл оған ыстық болатын. Мынау Бөлексаз, мынау Көкқия, анау Шырға- нақ, мынау Ақшоқы, мынау Кеген, мынау Ақтасты, мынау Құрайлы деп барлық жерді жүргенімізде айтып, өзінің балалық шағындағы қы- зықтарын əңгіме етіп жіберетін. Сапекеңнің аузынан Ақшоқы деген сөз түспейтін. (Ақшоқы көріністері.) Сөйтсем, ол балалық кезінде, əкесі соғысқа кеткен кезде Ақшоқының түбінде қозы қайырып, қой бағып, анасына көмектескен екен. Мынау ағып жатқан Кеген өзеніне шомылып, жүзуді үйренген едім дейтін.


Шырғанақ ауылы. Бір кезде осы мектепте С.Байжанов оқыған мектептегі мұрағат. С.Байжановқа арналған бұрыш. Жазушының кі- таптары, суреттері көрсетіледі. Осы мектепте оқыған кездегі бейнесі сақталған.


К. Бейсенбиева (кадрдан тыс): Сапекең бірінші сыныпқа Шырғанақ деген жерде барған екен. Əкесі мектепте бухгалтер қызметінде болған. Одан кейінгі уақытта Кегенде оқыған, одан Жалаңаш...


Кинохроника. Соғыс кезіндегі ауыл мектебі. Дене шынықтыру сабағы. Оқушылар аулаға шығып жаттығу жасауда. Өгіз жегіп, шөп шауып жүрген балалар. Түйесін жемдеп, оның үстіндегі жүгін түсі- ріп жатқан бала. Шабылған шөпті маяға үю. Мекетептің алдындағы алаңға шығып, тізіліп тұрған оқушылар. Бұл мектеп бітірушілер- дің соңғы қоңырауы. Елуінші жылдардың басындағы Алматы. Қазақ мемлекеттік университетінің ескі ғимараты. Студенттер мен оқуға түсушілердің қалың тобы.


Ауыл, Ескі там үйдің бір қабырғасын қайта қалап, сылап жат- қан жасөспірім бала. Мектепте сабақ жүріп жатыр. Оқушылардың ортасында отырған бала жігіт сабақ жүргізуде.


Медеу шатқалының елуінші жылдардағы көрінісі. Қалаға қарай ағылған машина. Ірі планда алма ағашы, алма теріп жатқан жас қыз- жігіттер. Толқыны тастан-тасқа секірген Алматы өзенінің фонында титр көрінеді.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Соғыс кезінің түлектеріне ортақ қиын- шылықтың бəрін жасөспірім Сапар да көріп өскендіктен ерте есейеді. Ол жастайынан еңбекте пісіп, ағайын-туғандарына көмектеседі. Жоқ- шылыққа мойымай, орта мектепті күміс медальмен бітіріп шығып, өзі арман еткен Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика фа- культетіне оқуға түседі. Бірақ жоқшылық қолын байлаған ол Кегенге қайта оралып, баспанасыз, жалғыз қалған анасына жаз бойы екі бөлмелі қоржын үй салады. Мектепте бір жылдай мұғалім болып, анасы арман еткен бір сиыр сатып əперген соң, оқуын жалғастыру үшін Алматыға қайтады. Жазушының қалған өмірі осы қалада өткен екен.


 


ТІРЛІК ЖАРЫСЫ


Кебек же де, қыстан шық,



  • Не жедің? – деп сұрамас. Кебенек ки де, жаудан қайт,

  • Не кидің? – деп сұрамас.


Биік тау жоталары. Кеген тауларының бауырындағы ауылда үлкен жиын өтіп жатыр. Жан-жақтан ағылып келіп, бір-бірімен қауышып жатқан жұрт. Бəрі көңілді.


С. Байжанов (кадрда): «Алуан-алуан жүйрік бар, əліне қарай жүгі- рер» дейді. Мына өмір деген, бір сəт ойланып қарасақ, тірлік бəйгесі, ат бəйгесі секілді, үнемі жарыста жүреді адамдар.


...Адамның ісінің нəтижесі, ісінің шарапаты неғұрлым көбірек қауымға жайылып жатса .... соғұрлым өмірдің мағынасы арта береді. Тірлік асылдана береді...


...Тірлік бəйгесінде...неғұрлым халыққа көбірек шарапаты тиген, ел- жұртына көбірек рахымы тиген. ... ел-жұрты үшін тер төккен ұлдарын екшеп-екшеп көтеріп ... ұрпаққа өнеге етіп айтады, тарихқа қалдырады. Тірліктің мəнісі, тірліктің қасиеті деген өзің үшін өмір сүруде емес... Тірлік бəйгесінің жүйріктері... халқының, ел жұртының мақтанышы.


С.Байжанов ағаш арасында қыдырып жүр. Ағасы Тағашпен түскен, бозбала кезгі суреті. Кинохроника. Елуінші жылдардағы студенттер өмірі. Университетке кіріп-шығып жатқан, кітапхана залдарында оқуға, білімге ұмтылған жастар. Демалыс паркіндегі шағын көлде аққулар жүзіп барады. Жас жігіт Сапар досымен бірге сол көлдің жағасында қыдырып жүр. Қазақ университетінің фойесіндегі жастардың би алаңы. Мұхтар Əуезов аудиторияда дəріс оқып тұр. Оны қызыға, таңдана тыңдап отыр- ған студенттер. Студенттердің кітап, газет шығаратын типографияға сапары. «Лениншіл жас» газетінің жаңа санын бəрі қызықтап қарайды.


С. Оразалы (кадрдан тыс): Сапар Байжановтың бұл сөздері есейген шағында айтылғанмен, оның өмір жолына қарап отырсақ, қаршадайын- да-ақ көкірегіне ұялаған асыл мұраты екені даусыз.


Соғыстан кейінгі өмірдің жүдеулігі алдына зор мақсат қойған жас- тың жігерін мұқалта алған жоқ. Ол күндіз-түні кітапхана залынан шық- пай білім жинады. Аш құрсақ, жыртық иін жүрсе де, өз қатарластары- мен бірге би алаңдарына барды.


Университеттегі ұстаздарының, əсіресе ұлы Əуезовтің дəрістерін көкірегіне тоқи білді. Ақын жүректі, албырт жас өмірге шексіз ғашық еді. Ол университетте оқып жүргенде-ақ «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа жегіліп, елуінші жылдардағы замандастарының өмір сырын, жүрек жырын толғай білді.


«Лениншіл жас» газетінің редакциясы. Газеттің өзі ірі планда алынады. Осы газетті шығарушылар – Кəкімжан Қазыбаев пен Сапар Байжановтың бірге түскен суреті. С.Байжановтың қолжазбалары,


 


оған пікір жазған С.Шаймерденовтің хаты. Оның алғашқы очерктер жинағы: «Ұлыма хат», «Сұңқар көңіл самғайды», «Жақсы адамдар жанымызда жүр» кітаптары көрінеді.


Республика сарайындағы «Егемен Қазақстан» газетінің мерейтойын атап өту. С.Байжановқа награда тапсыру сəті, оның өз əріптестері- мен түскен суреттері, «Егемен Қазақстан » газетінің бас редакторы деген куəлігі көрсетіледі.


Гүлге оранған Республика алаңы. Бұрынғы Орталық партия ко- митетінің, Опера жəне балет театрының, Қазақ циркінің ғима- раттары көрсетіліп, алпысыншы-жетпісінші жылдардың тыныс- тіршілігі танылады.


С. Оразалы (кадрдан тыс): «Лениншіл жас» газетінде бас редактор- дың орынбасарына дейін өскен жігерлі журналист көп ұзамай «Мə- дениет жəне тұрмыс» журналына бас редакторлыққа жоғарлатылды. Осы кезде баспасөзде оның жүздеген мақалалары жарық көріп, туған елінің шежіресін жасауға ат салысқан дарынды қаламгерлердің қа- тарына қосылды.


Сапар Байжанов орталық партия комитетінде біраз жыл жауапты қызмет атқарған соң, еліміздің бас газеті «Социалистік Қазақстан» – қазіргі «Егемен Қазақстанға» басшы болып тағайындалды. Оның қа- ламгерлік, азаматтық, басшылық, адамдық қасиеттерінің жарқырап кө- рінген кезі осы жылдар. Ол тірлік бəйгесінде, өзі айтқандай, елі, халқы үшін аянбай еңбектеніп, екшеліп алдыңғы қатарға шықты.


Қ.Тоқаев (кадрда): Сапар Байжанов туралы пікір айту өте үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі бұл кісі біздің журналистикамыздағы тарихи тұлға, біздің қаламгерлердің қалыптасуына, əдебиеттің өсуіне əр кез ұйтқы болды. Сапар Байжанов əдебиетімізге соғыстан кейін келді. Ол өте қатыгез, сұрапыл заман еді. Қазақ халқы талай қиыншылық- ты көрген заман. Сапар Байжанов жаңа толқын перзенті ретінде біздің əдебиетімізге, журналистикаға үлкен үлес қосты деп айтуға болады.


Қ.Сұлтанов (кадрда): Жазушының əріптестерінің ортасында тұр- ғаны, Жоғарғы Кеңестің үлкен залында, Республика сарайында мінбеде сөз сөйлеп тұрған сəті бейнеленген кинохроника көрсетіледі. Қ.Сұл- танов даусы алдымен кадрдан тыс естіледі.


Сапар Байжанов – ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ мəде- ниетіне, қазақ өнеріне, қазақ əдебиетіне, қазақ журналистикасына, Қазақстан қоғамына үлкен еңбек сіңірген көрнекті қайраткер. Ол кез- дегі Кəкімжан Қазыбаев, Шерхан Мұртаза, Сапар Байжанов, Сейдахмет Бердіқұлов сияқты адамдар ХХ ғасырдағы зиялы қауымның екінші толқыны болды. Солар біздің елуінші-алпысыншы жылдарда қазақ қоғамын қалыптастыруға, қазақтың интелигенциясын қалыптастырып, ғылым, білім саласын құрған адамдар.


Мемлекет басшысы Д.Қонаевтың идеология қызметкерлерін каби- нетінде қарсы алуы жəне С.Байжановқа награда тапсыруы, жур-


 


налистпен оңаша əңгіме құруы, «Социалистік Қазақстан» газеті- нің ұжымы тұтас түскен суреттер көрсетіледі. Қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінің президенті С.Абдрахмановтың жұмыс каби- нетінде С.Оразалымен əңгімелесіп отырғаны, сөзінің арасында бей- некөрініс түрінде беріледі. А.Сейдімбековтың газет ұжымында түскен суреттері, газет ұжымын əр жылдарда басқарған бас редакторлар туралы қабырғада ілінген алып картина көрінеді.


С. Оразалы (кадрдан тыс): Шын мəніндегі үлкен журналист – ол елдік тұрғыдан ауқымды ойлай алатын қайраткер екені даусыз. Ал бү- тін бір елдің бас газетін басқару – ол сол мемлекеттің идеологиясын қалыптастыратын бірегей тұлға. Ондай қабілет əркімде бола бермейді.


Қ.Тоқаев (кадрда): Сапар Байжанов «Социалистік Қазақстан» газе- тінің ең жақсы редакторының бірі болған деп айтуға болады. Кəсіби жағынан бұл кісі осы газетті жаңа деңгейге көтерді. Бұл – бір.


Екіншіден, газетке жас, дарынды журналистерді əкелді. Бұл өте батыл қадам болды деп ойлаймын.


С.Ақтаев (кадрда): Біз университетті бітірген жəне жақсы бітірген, тəжірибеде өзіміздің ортамызда өткен жастарды жинадық. Соның ішін- де бүгінгі «Егемен Қазақстанның» президенті Сауытбек Абдрахманов та бар еді.


С.Абдрахманов (кадрда): Сапар ағаның университетті жаңа бітірген түлекті, осы арасын бадырайтып айтайыншы, тіпті аудандық газетте жұмыс істеп көрмеген кешегі студентті бірден Орталық комитеттің органы, баспасөз үніне қызметке алу тəуекелі тұрды. Осы арқылы Сапар Байжанов сол тұста редакция ұжымын жаңарту, жас кадрлармен толықтыру жұмысын бастап берді, Сапар Байжановтың маған жасаған жақсылығы көп. Қызметте тез өсуіме осы кісінің көмегі тигендігі анық.


С.Ақтаев (кадрда): Əуелі ұжымымызды нығайтып алдық та, сонан соң жаңа өрістерге шығуға мүмкіндік алдық. Осының барлығына Сапекең ұйытқы болды. Сапекеңнің бір жақсы жері «жақсы ұсыныс- қа жан пида» деп, жаңалықты бірден қабылдай қоятын. Сонан сон қайткенмен соны жұмысқа енгізуге жан ұшыратын.


С. Абдрахманов (кадрда): Оның кісі танығыштығын айтқым келеді. Мысалы, мен жұмыс істеп жүрген əдебиет жəне өнер бөлімінің мең- герушісі... ауысқан кезде сол орынға... Қарағандыда жүрген Ақселеу Седімбекті шақырды. Бұл таңдау өтте сəтті таңдау болғанын кейін уақыт өзі көрсетті. Ақселеуді орбитаға алып шығу арқылы Сапар Бай- жанов қазақ əдебиетіне, қазақ журналистикасына үлкен үлес қосты. Осындай мысалдың тағы бірі – Арқалықтан Қойшығара Салғарыны Алматыға жұмысқа шақыруы болды. Сапекең қазақ əдебиетіне, қазақ тарихнамасына көрнекті қаламгерді қосты.


Қ. Сұлтанов (кадрда): Газетте тек жетістіктер емес, сол кезде бүкіл қоғамның өміріне сыни сараптамалар жасалып, əр түрлі сыни мақалалар да жарияланып тұратын. Қоғамның кемшіліктері көрсетіліп, соған назар


 


аударылатын. Сол кездегі биліктің, партияның сайланбалы орын- дары, атқарушы билік газетке шыққан материалдар арқылы солардың жұмыстарындағы кем-кетіктерге əр түрлі баға беріп, шара қолданып отыратын.


С.Байжановтың жұмыс кабинеті. Өндірісте істейтін еңбеккер- лер, түрлі саланың мамандары, ғалымдар қатынасқан дөңгелек стол. Жазушы бұл жиындардың бəрін өзі басқарып, өзі сөз сөйлеп, қоры- тындылап отырғаны фотодеректерде көрінеді.


С.Ақтаев (кадрда): Оның келуімен «Егемен Қазақстанда» «дөңге- лек стол» деген дамыды да кетті. Бұл сан мамандық иесін бір жерге шоғырландырып, солардың пікірін білу, ашық əңгімеге тарту Бұрын


ашылмай жатқан мүмкіндіктерімізді, айтылмай жатқан ойларымызды айтып беретін бір жақсы тəсіл еді. Оны үлкен қару етіп пайдаландық. Оның басы-қасында Сапекеңнің өзі болды, өзі жүргізіп отырды.


Кинохроника. Газет басып шығарып жатқан машиналар, оны ты- нымсыз бақылап тұрған жұмысшылар. С.Байжанов костюмін ше- шіп, көйлегінің жеңін түріп тастап газеттің гранкасын оқып отыр. Газеттің жаңа санын оқып жатқан көпшілік. Ірі планда «Социалис- тік Қазақстанның» мерейтойында сөйлеп тұрған С.Байжанов, ре- дакцияның жеделдеме жиналысында кезек-кезек пікір білдіріп жат- қан журналистер. Оған Орталық Партия Комитетінің хатшысы К.Қазыбаев қатынасуда. С.Байжанов өндірісте, ауыл еңбеккерлері- нің ортасында жүр. Газеттің жаңа саны толассыз ағылып шығып жатыр. С.Байжановтың КСРО Журналистер одағының хатшысы, Жоғарғы Кеңестің депутаты, «Социалистік Қазақстанның» редак- торы деген құжаттары көрінеді. С.Байжанов шахтерлермен бірге шахтаны аралап келеді.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Газет жұмысы – жауапкершілігі өте жо- ғары, азапты жұмыс. Бұл таңнын атысы, күннің батысы бір босаңсымай еңбек ету деген сөз. Сапар Байжанов «Егемен Қазақстанды» он жылдай басқарды. Сапекеңнен бұрын бұл газетті осыншама ұзақ мерзім ешкім басқарған емес. Оған себеп – өз ісін терең білуі, еңбекшілдігі, заман ағымын, уақыт талабын жіті сезінетін қырағылығы, сонымен қоса биік парасаты мен адамгершілігі болса керек. Ол осы жылдарда Қазақстан Журналистер одағы мен КСРО Журналистер одағының жұмысына, тағы басқа қоғамдық істерге белсене араласты. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесіне екі дүркін депутат, Орталық Партия Комитетіне мүше болып сайланды. Дегенмен оның адал ісін қаралайтын, пəлеқор, жалақорлар да бар болатын. Олар сол заманның дерті болып табылатын «домалақ арыздарын» жазып, адал жанның жүрегін талай жаралады. Сапекеңнің əріптесі Əбдеш Қалмырзаев өз естелігінде “Күн күлсін, күлсін бүлдіршін” деген газетте басылған сөздердің аңдаусызда Мағжан Жұмабаевтың “Гүлсімге” атты өлеңіне ұқсап кеткенінен Кеңес үкіметіне, орыстарға, партия саясатына қарсылық іздеген қара ниеттілерді айтады. Ал газетке


 


жаңадан бір топ талантты журналистер шақырылғанда арыз жазушылар тіпті өршелене түседі.


С. Ақтаев (кадрда): Бір кезде Орталық Комитетке 180 бет арыз түскен екен... «Оны жазған ортамыздағы адам», – деп Сапекеңе айтам ғой, – «соны шығарып жіберсек қайтеді», – деп. «Жоқ, обал болады, жүре берсін, құдайынан тапсын!» – дейтін жарықтық. Ол кісінің мінезінің жұмсақтығы, адалдығы бұл.


К.Бейсенбиева (кадрда): Сапекеңнің бақталастары ол газеттен кетіп, мұрағат басқармасына бастық болып барғанда «Байжановты архивке тапсырдық» десіп масайраған еді


Кадрда Мемлекеттік мұрағаттың іші. Мұрағат сақталатын сөрелер. Онда С. Байжановтың да қоры бар. Директордың кабине- тінде жазушының сақтаулы мұрасын ақтарып отырған С. Оразалы. Арасында С. Байжановтың мұрағат туралы кітаптары көрсетіледі.


С. Оразалы (кадрдан тыс): Бірақ олардың бұл қуанышы ұзаққа бар- мады. Сапар Байжанов өзіне тəн іскерлікпен елімізде ескерусіз калған мұрағат ісін биік деңгейге көтеріп, оған мемлекеттік тұрғыдан қамқорлық жасауға қол жеткізді. Сапекеңнің тікелей араласуымен мұрағат туралы жаңа заң қабылданып, іске кірісті. Бұрынғы Кеңес Одағының орталық қалаларында сақталынған Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды елімізге қайтаруға ат салысты. Ол ізденімпаздығы мен табиғи дарынының арқасында бұл салада да білгір маман, білікті басшыға айналады.


Н.П. Крапивницкий (кадрда): Ол Кеңес Одағы Бас архив басқарма- сы басшыларының ортасында өте беделді, тіпті ықпалды болып қана қойған жоқ, сонымен бірге, мен айтар едім, Москвалық əріптестердің арасында да беделді, тіпті ерекше танымал болды. Менің «москвалық əріптес» деп отырғаным, атақты мұрағат танушы Прокопенко Анатолий Степанович, бірде маған: – Біз бəріміз Сапар Байжанұлының сөзін та- ғатсыздана күтеміз, – деген еді. – Өйткені ол ерекше табандылықпен, өте əдемі, ғажайып көркем əрі жан-тəнімен ақтарыла сөйлейтіндіктен, залда отырғандардың бəрі ерекше қанаттанып, аңтарылып қалатын. Ол тіпті қарапайым нəрсенің өзін қызықтырып, əдемі етіп, сырлап жеткізе білетін.


Кадрда С. Байжановтың Мұрағатта істеп жүрген кезіндегі ұжыммен бірге түскен суреттері жалғасады.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Ол мұрағатта істеген жылдарда шығар- машылықпен белсене айналысып, бірталай кітаптар жазады. Соның ішінде «Архив-айғақ», «Абай жəне архив», «Қажыға барған қазақ- тар» атты деректерге, салиқалы ойларға толы терең зерттеулері оның талантты ғалым екенін айғақтай түсті.


Қ. Тоқаев (кадрда): Сапар Байжанов архивте жұмыс істеген кезде біздің қоғамымызға тосын деректерді білдіртті. Мысалы, Абай туралы. Абай қоғам қайраткері ретінде елдің қамын ойлап, Санкт-Петербургке, сол кездегі биліктің ең үлкен, жоғарғы тармағы Сенатқа өз қолымен


 


хат жазған. Сапар Байжанов болмаса, кім біледі, бұл хатты жұрт білер ме еді, білмес пе еді. Сапар Байжанов бұл деректі мұражайдан тауып, қалың жұртқа көрсетті. Бұл үлкен қадам, азаматтық қадам.


Кадрда Абайдың Қарамола съезінде жазған Ережесі Семей мұра- ғатынан алынады, Брусиловскийдің естеліктері, оның кітап болып басылғаны, Ғ.Мүсіреповтің С.Байжановқа жазған  хаты.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Абайдың Қарамолада 5 дуанның съезінде Ереже жазғаны бұрын белгілі болғанымен, оның мəтіні ұзақ жылдар табылмай келген. 1985 жылы жазылған сол Ереженің ескі араб əріпімен басылған бір данасын 1985 жылы Ғабит Мүсірепов мұрағатқа өткізу үшін Сапар Байжановқа тапсырып, оны жеке кітапша етіп бастыру- ды аманаттаған екен. Сапекең бұл істі мұқият орындапты. Ал тамаша композитор Евгений Брусиловскийдің барлық мұрағатын іздеп тауып, оның күнделіктерің қазақ, орыс тілдерінде жариялауы да оның қазақ мəдениетіне қосқан зор үлесі. Бұндай істері ұшан-теңіз.


Н.П. Крапивницкий С.Оразалының қасына отырып, өздерінің мұ- рағат қазынасынан шығарған альманахтары туралы айтады.


Н.П. Крапивницкий (кадрда): Бұл тұңғыш рет жарық көрген мұ- рағат жөніндегі альманах. Оған негізінен халық мұрасы басылатын. Бұл альманахты шығаруға ұйытқы болған Сапар Байжанұлының өзі. Оған бұрын жабық жатқан, яки санаулы адамдар ғана көре алатын партиялық құжаттар кіретін. Соның бірінде Қалмұқан Исабаев екеуі тапқан Меккеге барған қазақтар туралы құжат басылды. Бұл ол уақыт- та ерекше жаңалық еді. Абайға байланысты жаңа деректер, байларды тəркілеу сияқты құжаттар да осында жарық көрді.


Кадрда С.Байжановтың суреттері, кинохроникада Жазушылар одағында Зейін Шашкин шығармашылығы туралы сөз сөйлеп тұрғаны көрінеді.


С.Оразалы (кадрдан тыс): «Асыл пышақ жатпайды қап түбінде» деген осы. Архивке тапсырылған Сапекең сол мұрағаттан інжу-мар- жандарды теріп алып, халқының игілігіне ұсынды. Бұл істе де ол өзінің биік мұратын, мұқалмас жігерін танытты.


 


ҚУАТЫ КҮШТІ – КӨСЕМСӨЗ


 


Өмірде құны ескірмес, Бағасы құнды асыл сөз.


Сүйінбай Аронұлы


Сапар Байжановтың кітаптары, газет-журналда басылған мақа- лалары, мұрағатта сақталған қолжазбалары оның əркездегі фото- суреттерімен астасып көрінеді.


 


С.Оразалы (кадрдан тыс): Сапар Байжанов өз өмірінде жүздеген мақала, очерк, əңгіме, зерттеу еңбектерін, роман, пьеса жазып, 20-дан астам кітап шығарған адам. Оның туындыларында заманның тынысы, өзі өмір сүрген дəуірдің шындығы, ой-арманы бар.


Ə.Нұршайықов (кадрда): Сапар өмір бойы кабинетте отырып жазушы болған кісі емес. Ол газеттің ауыр жұмысын арқалай жүріп, түнгі сағат 12 дейін газеттің бетін оқып, сүйтіп барып, аз ұйықтап, содан қалғанын əдебиетке жұмсап отырған жазушы. Бір сөзбен айтқанда, Сапар күндіз журналист болды, түнде ғана жазушы болды. Бала-шаға айналасында топырлап жүретін, соның əрқайсысының бетінен сүйіп, бастан сипап отырып, өзінің жазуын жаза беретін. Ғажап жұмыс деген осы емес пе?! Бұл екінің бірінің қолынан келмейтің еңбек. Бірақ осы екі мамандықта Сапар артында керемет үлкен-үлкен мұра қалдырды.


Кадрда С.Байжановтың шетелдік сапарларынан фотодеректер,


«Үш қиян – үш даңғыл», «Бес қиян – бес дəптер» деген кітаптары көр- сетіледі. Ол қолына фотоаппаратын алып, суретке өзі түсіріп, газет, журналдарға жариялайтын.


С. Оразалы (кадрдан тыс): Кеңес заманында қазақ жазушылары- ның шетелге шығуы аса сирек кездесетін. Сапекең жұмыс бабымен журналист ретінде, кеңес делегациясының құрамында көптеген елді аралап көрді. Сол сапарларында қолынан фотоаппараты мен қаламын түсірмей, талай очерктерін, жазған. Əр кезде кітап болып жарық көр- ген «Үш қиян – үш даңғыл», «Бес қиян – бес дəптер » атты кітаптары шетел тақырыбындағы қазақ көсемсөзін байытқан туындылар. Ол өз замандастарының асыл қасиеті, адамдық болмысын бейнелеген


«Жақсы адамдар жанымызда», «Сыр мен сымбат», «Жастық шақ» сияқты көркем очерктері арқылы əдебиетімізде дарынды көсемсөзші болып танылды.


Ə.Нұршайықов (кадрда): Сапардың қазақ əдебиетіндегі ерекше орын алатыны – публицистік жағы. Сапар үлкен публицист болды. Барлық үлгіні қазақ журналистеріне Сапар таратып отырды. Оған Сапардың мүмкіншілігі де бар еді.


С. Ақтаев (кадрда): Маяковский кезінде айтқан: бізге əр түрлі, алуан үнді ақындар керек деп. Сол сияқты жазушылар да əр түрлі, алуан үнді болуы керек. Сондықтан жазушы мен журналистердің екі арасына қытайдың қамалын қоюдың ешбір қажеті жоқ. Сапекең шын мəнінде жазушы еді. Ол журналистиканың өзіне өз тақырыбымен мəдениет тақырыбымен келді. Оның қай жазғанын алсақ та, мəдениет туралы, əсіресе ауыл мəдениетін көтеру, ауыл спортын көтеру жөнін- дегі тақырыптар болатың.


Жазушының ондаған кітаптары баяу жылжып өтеді. Оның ішін- де «Замандас туралы толғау» кітабына камера сəл аялдайды. Əр кезеңдегі суреттер мен Жазушылар одағындағы З.Шашкинге арналған жиналыстан бейнекөрініс.


С.Оразалы (кадрдан тыс): С.Байжановты əдеби қауымға кеңінен


 


танытқан Зейін Шашкиннің шығармашылығына арналған «Замандас туралы толғау» атты монографиялық еңбегі. Бұл кітапта жазушы тек шығармаларды талдаумен шектеліп қалмайды, заман, адам, уақыт ту- ралы өзінің көсем ойларын да ортаға салады. Ол Зейін Шашкиннің көп томдығын шығаруға ат салысумен бірге, жазушының мерейтойын өткізіп, оның есімін ел есінде қалдыруға көп күш жұмсады.


Мұрағат. С.Байжанов Жазушылар одағында сөз сөйлеп тұр. С.Байжанов (кадрда): Зейін Шашкиннің проза жанрындағы екінші көлемді шығармасы – «Тоқаш Бокин» романы. Атынан көрініп тұрған- дай, бұл романның басты кейіпкері тарихтан белгілі адам. Шынын айту керек, Зейін Шашкин романы жарыққа шыққанға дейін Тоқаш Бокин есімі дəл мұндай көпке танымал емес еді. Көмескі тұстары əлі ашылып болмаған даулы тұлға еді. Тоқаш Бокин есімінің ала бұлттан арылып, күнге шығуы, тарихтан өзіне лайық биікке көтерілуі – белгілі дəрежеде Зейін Шашкин еңбегінің есебінен орны толғанын айта кету артық болмас.


Кадрда Кеген жері, өзені, тау беткейлері, 40–50-жылдардағы мектеп өмірі, адамдар тағдыры хроникадан алынады. С.Байжанов- тың кітаптары əр түрлі ракурста беріледі.


С.Оразалы (кадрдан тыс): Əр жазушы өмір бойы өз өмірін, өскен жерін, өз сезімінің иірімдерін жазумен өтеді. Қай жаушының бол- сын басты кейіпкерінен өзін танимыз. Гюстав Флобердің «Бовари ха- ным – ол менмін» дейтіні содан болса керек. Сапар Байжанов та солай. Оның «Кеген-Қарқара» романы мен əңгіме, повестерінде 4050-жыл- дардағы жүдеу өмір суреттелгенімен, əр кейіпкерінің бойынан өмірге құштарлықты, ертеңгі күнге қуана қарайтың ақ көңілді сеземіз. Бұл шығармаларда əсем сурет те, мөлдіреген көркем тіл де, ұшқын атқан ой мен нəзік сезім де кездеседі.


 


ЖАҚСЫЛЫҚ ҚАЛАР ЖҮРЕКТЕ


 


Шын тазалық жүректе, Шын сұлулық еңбекте.


Кенен Əзірбаев


70–80-жылдардағы Алматының түні. Мың-сан шырағданнан ша- шыраған от сəулелер қала көшелерін аңыздағыдай əсемдікке бө- леген. Көктөбеден аспалы жолмен төмен түскенде қала алақанда жатқандай көрінеді. Осы фонда, екінші экспозицияда С.Байжанов- тың бозбала кезгі, үйленген шақтағы, аталық жасқа келгендегі жəне бүкіл əулетімен түскен суреттері көрінеді. Алматы көшелері. Сапекең жазу үстінде. Сол дəуірдегі Алматы рухы сезіледі. Гүл жайнаған қала. Орталық алаңдағы Бірінші май шеруі. Əсем əн тынымсыз шырқалады. С. Оразалы (кадрдан тыс): Сапар Байжанов өзі өмір бойы тұрған


 


қаласы Алматыны жанындай сүйетін. Ол осы қалаға келгенде өрімдей жас еді. Білім жинады, ғашық болды, отбасын құрды, ұрпақ өсірді. Шығармашылықпен айналысты, еліне, халқына қызмет етті. Əсем қала оның бойына ізгілік пен адамгершілік нұрын құйып, үлкен жүректі азамат болуына септігі тиді.


Қ. Тоқаев (кадрда): Қайраткерлік қабілетіне келсек, бұл кісі өте батыл адам, əділетшіл, ақиқатшыл, шыншыл адам. 1986 жылы менің əкем қиыншылық көрген кезде (Кемел Тоқаевпен бірге жүрген фо- толары көрсетіледі), Сапар Байжанов ешкімнен қорықпай, Орталық комитеттен, Үкіметтен қорықпай, менің əкемнің бір мақаласын газетке жариялады. Бұл үлкен азаматтық қадам, азаматтық шешім, азаматтық сезім деп айтуға болады.


С.Байжановтың тоғай арасында қыдырып жүрген, бадминтон ойнап жатқан, спорт киімінде жүгіріп жүрген сəттері.


Ə. Нұршайықов (кадрда): Көп адамдар қызметі жоғарылаған сайын кеудесін керіп əлек болады, əуре болады. Ал Сапарда ондай кеуде көтеру деген ешқашан да болмаушы еді. Сапар ақ көңіл еді. Сапар шын жүрегімен ақтарыла сөйлейтін еді. Сапар біреуді жақсы көрсе жанындай жақсы көретін, жанына жақын ұстайтын еді... Сондықтан да Сапардың айналасында достары өте көп болды.


С. Ақтаев (кадрда): Ол басшы болғанда кекиіп тұратын адам емес.


«Ұлық болсаң, кішік бол» деп, кейде фойеде жігіттер теннис ойнап жатады ғой енді. Кабинеттен шыға салып: «Кəне, мен де бір-екі рет соғып жіберейінші” деп əлгілерге араласып, кіріп кетеді. Сөйткен адамнан жасырын сыр бола ма қаламдас жігіттерде.


С. Байжанов достарының арасында. Суреттерде К. Қазыбаев, Ш. Елеукенов, К. Смайылов т.б. бар. Ол өзінің мектептегі, универси- теттегі, қызметте болған достарынан ешқашан қол үзбегеніне фото- деректер куə.


С. Оразалы (кадрдан тыс): Сапекеңнің достыққа адалдығы – барша ұрпаққа үлгі боларлықтай. Өзімен қызметін бірге бастаған Абай Бейсенбаев, Кəкімжан Қазыбаев, Əбсаттар Бөлдекбаев, Əбілфаиз Ыдырысов, Хайдолла Тілемісов, Тельман Жанұзақов, Ұзақ Бағаев сияқты азаматтармен арасынан қыл өтпеген. Бір-біріне деген құрмет, əдемі əзіл, жан жадыратар қамқорлық олардың бойына тəн еді


Ə. Нұршайықов (кадрда): Сапар өте кішіпейіл болды. Жаңа романы шықса, Сапар өзінің ең жақсы көрген достарына, ағаларына өзі апарып беретін. Ал сонда Сапар сонша бала-шаға емес қой, жүгіріп жүретін. Сонда Сапар анау республикалық үлкен газеттің редакторы, сонда Сапар Мемлекеттік архивтің директоры.


Алматы. Театрлардың алдындағы жарнама тақталарда, түрлі плакаттарда Б.Төлегенованың, Е.Серкебаевтың, «Дос-Мұқасанның» суреттері. Опера жəне балет театрының іргесіндегі субұрқақтар- дың жанында Алматы туралы əн айтып келе жатқан Бибігүл көріне- ді. С.Байжановтың Б.Төлегеновамен, С.Мұқановпен, Ə.Марғұланмен,


 


Мəскеудің, Киевтің сахна саңлақтарымен бірге тұрған суреттері. Ермек Серкебаев, Əзірбайжан Мəмбетов,   Ғазиза   Жұбановалар- мен туыс-дос болып, құшақтары айқасып өткені фотосуреттерден көрінеді.


С. Оразалы (кадрдан тыс): Бұл кісі өмірді де, өнерді де шексіз сүй- ген адам, қай қызметте болса да қазақтың белгілі өнер адамдарымен жиі араласып тұрды. Ол басшылықта отырғанда «Социалистік Қазақстан» газетінің шаңырағында қазақ өнерінің жұлдыздары, Мəскеудің, Киевтің, басқа одақтас республика өнерпаздары жиі бас қосатын.


Ермек Серкебаев, Əзірбайжан Мəмбетов, Ғазиза Жұбанова тəрізді саңлақтармен туыстасып, құда-жекжат болды.


С. Байжанов тойда əн салады.


С. Ақтаев (кадрда): Өнерге құмар адам еді. Жап-жақсы даусы бо- латын. Кез келген аудиторияда өлең айт десең, шырқап қоя беретін. Содан соң демалыста жүргенде не бір жиын-тойда бірден шыға салып, биге кіріп кететін. Бұл дегенің оның мінезінің жеңілдігі емес, ер көңіл- дігі, адалдығы, одан соң ақ көңілділігі.


Сапекеңнің тойда билеп жүргені. Жұбайы Күлəш екеуінің əн сал- ғаны – бейнекөріністер беріледі (мұрағат).


Қ. Сұлтанов (кадрда): Менің жақсы бір үлгі алатыным: отбасына, өзінің балаларына тəрбие беруінде. Балалары сол кісінің еңбегін ақтап жəне үмітін ақтап, өмірде өздерінің жақсы жолдарын тапты. Жақсы мамандық алды. Жақсы отбасыларын құрды. Осы қоғамда үлкен азаматтық орындарын тапты деп есептеймін.


Сапекеңнің жұбайымен, немерелерімен көшеде, ағаш арасында қыдырып, көңілді күлкіге бөленіп жүрген шағы. Бұл суреттер Ə.Нұр- шайықовтың сөзінің арасында көрініп, соңынан Күлəштің кітаптары экранға шығады.


Жазушының барша туындылары бірінен кейін бірі экранға шыға бастайды. Екінші экспозицияда оның суреттері. Соңынан кітапта- ры мен баспасөзде жарық көрген шығармаларын камера шолып шыға- ды. Бұның бəрі – бір адамның еңбектері. Камера тоқтаусыз жыл- жып «Егемен Қазақстан» газетінің фойесінде тұрған, осы газеттің бас редакторлары бейнеленген алып суретке көшеді. Сапар Байжанов бейнесі солардың ортасында.


Ə.Нұршайықов (кадрда): Күлəштің қоғамдық қызметте өсуіне кө- мектесті. Сапардың көмегінің арқасында, Сапардың қамқорлығының, Сапардың ақжүректілігінің, əділдігінің арқасында Күлəш тамаша журналист болды. Қазір əйел жолдастардың ішіндегі көзге көрінетін жақсы жазушылардың бірі.


С. Оразалы (кадрдан тыс): Сапекең өмірінің соңғы жылдарында адам таңқаларлықтай өнімді еңбек етті. Оның үш томдық шығармалар


 


жинағын қарап отырсаңыз, өмірге деген құштарлықты, адамдарға деген құрметті көресіз. Ауыр науқасқа ұшыраса да, еңсесін түсірмей, адам- дық, азаматтық өрелік танытқанын, тіршіліктің əрбір күні мен түнін ұрпағы үшін, елі мен халқына пайдалы іске арнағанына тəнті боласыз.


С. Абдрахманов (кадрда): Мен ол кісінің айықпас дертке шалдық- қанын білген кездерінде жазған шығармаларын кейін оқығанда қайран қалдым. Ондай рухтың күштілігі, ондай оптимизм, ертеңгі күніне із қалдыруға ұмтылғаны қай адамға да күш қосады деп ойлаймын.


Ш. Елеукенов (кадрда): Сапардың бұрын мен аңғармаған бір ерекше мінезіне таң қалдым. Сапардың соңғы екі жылы. Қатты науқасқа ұшырады ғой. «Барса келмес» деген науқас. Соны естіп отырып, біліп отырып кітап жазып, қаламын қолынан түсірген жоқ, қашан өтіп кеткенше. Сонда сол кітап бетінің ішінде мынандай сөздер бар: «Өмірге өкпем жоқ» деген. Сондай халде тұрып, сондай сөз жазып кету парасатты адам аласар- майды деген сөз. Сол өзінің биігінде кетті.


Сапекеңнің жайдары жүзді жеке бейнелері мен достарының ара- сындағы балаларымен бірге жүргендегі көңілді сəттері Ш.Елеуке- новтің сөзінің арасында көрінеді.


С.Байжановтың мұражайы. Камера оның екі қапталын тұтас шолып шығып, төрде тұрған жазушы портретіне қарай жылжиды. Музыка. Бұл мұражайда оның өмірі, еңбегі тұтас қамтылған.


Алматы. С.Байжанов атындағы көше. Ол тұрған үйдегі тас тақ- та. Оның атындағы мектеп. Сол мектептің жанында асыр салып ойнап жүрген балалар. Камера мектеп маңдайшасындағы жазу- дан биікке қарай көтеріледі. Жайқалған ағаш – оның мəуелі өмірін елестеткендей.


С. Оразалы (кадрдан тыс): Сапар. Бір адамның өмір сапары. Бірақ қандай мағыналы, қандай ұлағатты, қадірлі өмір. Жазушының: «Мен өзім үшін ғана емес, сендер үшін, балаларым, туған елім, жерім Қазақстаным үшін жасадым, ешқашан, ештеңеден аянбай ғұмыр кештім деп ешкімнен де сескенбей, ұялмай, күмілжімей айта аламын. Мен бақытты жанмын, бақытты жандардың бірімін», – деген сөзі оның имандай шыны. Ондай адам ел жүрегінен өшпек емес.


 


2010 жыл







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу