01.03.2022
  409


Автор: Баянғали Әлімжанов

Аю мен бал

Қырдан өтіп қорбаңдап
Аю барды орманға,
Үйін тауып араның
Деді балын аламын.
Балға қолын малады
Таңдай қағып жалады,
Келді аралар гуілдеп
Ашуланып,дірілдеп.
Ортаға оны алады
Жабылып кеп шағады,
Аю қатты сасады
Тоңқалаңдап қашады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу