Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  128


Автор: Абдрахман Асылбек

Бөліну

Осы қазақ неліктен
Бөлінеді жүз-жүз боп.
Кездерінде еріккен
Қырқысады шыж-быж боп.
«Ұлы жүзді қауға қой,
Орта жүзді дауға қой,
Кіші жүзді жауға қой», –
Дегендері сауда ғой.
«Ұлы жүзді етке қой,
Орта жүзді кепке қой,
Кіші жүзді шепке қой», –
Дегендері текке ғой.
Алтау ала болғанда –
Ауыздағың кетеді.
Төртеу түгел болғанда –
Төрге басың жетеді.
Бірақ, солай десек те,
Кейбіреулар құрып жүр.
Іштей алып есепке,
Рушылдық бұрып жүр.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу