Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  146


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Сен маған өкпелемеші,
онсыз да тағдыр шіркіннің
аяусыз еді жебесі,
болғанмен бүтін сыртым мың,
жан едім,
жаны – мұң – жетім
жылуы кемшін жалғанда –
танытса тағдыр тұл бетін
құламай өткен жан бар ма?
Жыламай өткен жан бар ма?
Жабығып, қажып жүргенде,
жаныма болдың ділгер сен.
Салауат болар күндерге,
Сағынышымды айтып үлгерсем.
Жүрекке жарық сәуле боп
Жолықтың - дағы, жұбаттың,
Суысынын ішіп, тәубе деп
Махаббат деген-бұлақтың .
Түледім.
Тұрар бақ қанша!?
Сола ма бәрі гүлдей шын?
Жылымық күндер батқанша,
Жаныма жақын жүргейсің .....
2007 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу