Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  104


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Түсінші, мені
Түсіну ғой тыныштық мағынасы.
Текке кетпес адамның жаны, жасы,
өлеңдетіп кетейін, шындық болса
өзге жақта өмірдің бары расы.
Мендік сендік - көңілдің бары да - осы.
Бары да осықайғым да, шаттығым да!
Басқа жанды ойлауым жат-ты ұғымға.
Ренішің тірідей іреп мені
Ійірімге тұңғиық лақтыруда.
Жақын да емен жаныңа, жырақтығым
тереңіне көңілдің құлатты мұң,
Тағдырыма жазылған әу басында
Сені сүю мәңгілік - мұрат тұғын.
Мұрат тұғын һәм маған сынақ тұғын.
Зары басқа, мұңыма заман көнсе,
көтерермін өлгенше бағаңды ерше.
Сынға салған тағдырым,
Сынық кеудем!
Сен сынамай, сүйей жүр, шамаң келсе,
Түсін мені!
2007 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу