Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  113


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Ойлаймын сені!
Түндерімді тонатып,
Жүрекке қайғы боратып,
Атыңды нұрға балатып,
Сағынып, сәтті санатып,
Жалғыздық жан шақтарымен,
көзімнің моншақтарымен
таң атып.
Ойлаймын сені!
өмірім менің өзің деп,
соғатын құйын-сезімде от,
қоңырау күлкі, сөзім көп,
жайнаған жастық кезім деп.
Көзіңді көктем үзбейтін
көшеден, көктен іздейтін
көзім боп.
Ойлаймын сені!
өзімді - өзім түсінбей!
Ерліктің егес күшіндей,
мәңгілік бейне- пішіндей
тұлғаңды елес-мүсіндей
сан тарих, сақалды қалған
биіктік атаулылардан
түсірмей.
Ойлаймын сені!
толқитын өлең- өмір боп,
кеудеме шуақ, көңілге – от
беретін айдын көлім деп,
әрқашан тербейтін жанды,
сен деген өлмейтін мәңгі
Сенім боп!
Ойлаймын сені!
2007 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу